Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Жоғары сот кеңесі «ірі көлемде пара алды» деген күдікке ілінген судьяға қатысты пікір білдірді

    2020 жылдың 11 ақпанында бірқатар БАҚ пен әлеуметтік желілерде Жоғарғы сот судьясы басқа судьяның қызмет орнын ауыстыруға ықпал ету үшін пара алу үстінде ұсталуы туралы ақпарат тарады.

    Осы ақпаратқа қатысты Жоғары сот кеңесінің баспасөз қызметі пікір білдірді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Azattyq-ruhy.kz порталына сілтеме жасап.

    Әлеуметтік желілерде тараған ақпараттағы судья 2019 жылдың ақпаны мен 2020 жылдың желтоқсаны аралығында Жоғары сот кеңесінің мүшесі болған.

    «Жоғары сот кеңесі туралы» заңға сәйкес, Жоғары сот кеңесінің тұрақты мүшелері 10 адамнан тұрады. Оның сегізі — қазір судья. Кеңес құрамына судьяларды Жоғарғы сот өзінің алқа мәжілісінің отырысында сайланып (Жоғарғы сот судьяларының барлығы мақұлдап), ұсынылады. Кеңес мүшелері бір жарым жыл сайын ауысып отырады. Жоғары сот кеңесінің құрамы соңғы рет 2020 жылдың желтоқсан айында жаңарды.

    Қызмет атқарып жүрген судьяларды бір соттан басқа сотқа ауыстыруға қатысты: мұндай ауыстырулар конкурстан тыс тәртіпте тек Жоғарғы сот төрағасының ұсынымымен Жоғарғы сот жанындағы сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның шешімі негізінде іске асуы мүмкін. Жоғарғы сот кеңесі осы шешімді негізге алып, ұсыныс жасайды», — делінген хабарламада.

    Еске сала кетейік, 11 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласында ірі көлемдегі ақшаны алу кезінде Жоғарғы сот судьясы ұсталғаны жайлы ақпарат тарады.

    қатысты посттар

    Роза Рымбаева мен Төреғалидың отбасында болған тойға байланысты тексеру жүргізіліп жатыр

    Фариза

    Қазақ қызының жалаңаш суретін желіге жүктеген түрік азаматы халықтан кешірім сұрады (видео)

    Қызылорда облысында 2019 жылғы күріш өнімінің тоннасына субсидия төленуде

    Фариза

    Пікір қалдыру

    16 + 13 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.