-9.1 C
Алматы
Воскресенье, 22 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Балғынбек Имашев: Елбасыға алтыннан ескерткіш қойса да артық болмас еді

    Айтыскер ақын Балғынбек Имашев журналистің «Елбасыға не тілейсіз?» деген сұрағына жауап беріп, тұңғыш президенттің еңбегі еленуі тиіс екенін айтты, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі kz.news.kz порталына сілтеме жасап.

    «Елбасымыз жоқ жерден, тақыр жерден мемлекет құрды. Бұрынғы басшыларымыздың қай-қайсы болса да, анау Керей-Жәнібектен бастап әрқайсысының орны бар. Біз де таланған шығармыз, бір кезде алданған шығармыз, бір кезде қырылған шығармыз, бір кезде амалдың жоқтығынан біреудің бодандығына өткен шығармыз. Бірақ хандардың ешқайсына топырақ шашпаймыз, әрқайсы өзінің тарихи Алла тағдырына жазып қойған миссиясын орындап кетті.

    Арманына жетпесе де, кеше хан Кенелердің басы кетіп қалса да, әрқайсысы өзінің миссиясын орындады. Елбасының үлкен миссиясы қазақтың етек-жеңін жиып, бұрын болмаған төл теңгемізді шығарып, шекарамызды шегендеп бекітіп, сыртқы саясатымызды қалыптастырып, елшілік құру оңай емес. Бір елмен дипломатиялық қарым-қатынас құру оңай емес. Сондай алпауыт мемлекеттердің ортасында отырып, Қазақстан деген мемлекетті әлемге танытқан еңбегі өлшеусіз.

    Мен мына астананы Ақмолаға көшіріп келгеннен кейін, Сапармұрат Ниязовқа ескерткіш қойды ғой, сондай алтыннан ескерткіш қойып қойса, артық болмайтын еді. Бірақ ескерткіш қоюды мақұлдамаймыз ғой. Ол өлгеннен кейін де қоюды мақұлдамаймын. Сондай лайықты еңбек деп бағалаймын. Астананы көшіруі, 5 облысымыздың Ресейге кетіп қалмауына бірінші көрсетілген сес. Сыртқы саясатта біздің Елбасымызға жететін әлемнің лидерлерінің арасында… білмеймін. Ол кісіге не тілек айтамыз? Ақсақалымыз сексеннен асып кетті ғой. Денсаулықтан басқа не тілейміз»,  деді Балғынбек Имашев «Қасқа жол» бағдарламасында.

    қатысты посттар

    Ағаділ ұлының өлімінен кейін полиция ғимаратының алдына белсенділер жиналды

    Фариза

    Мәскеуде қазақстандық пранкерлер 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды

    Фариза

    Маңғыстауда қайтыс болған сарбаздың туыстары оның суицид жасағанына сенбейді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 + seventeen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.