Пятница, 13 февраля 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Алматы облысы білім басқармасының басшысы қамауға алынды

    Сот Алматы облысы білім басқармасының басшысы Майгүл Омарованы қамауға алды. Бұл туралы облыстық прокуратура ресми сауалымызға жауапта жіберді, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    Майгүл Омарова мен «Алматы облыстық білім беру саласындағы ақпараттық технологиялар ғылыми-практикалық орталығы» КММ басшысы Арапби Меңлібаев қамауға алынды.

    «2021 жылы 4 ақпанда Талдықорған мамандандырылған тергеу соты күдіктілер М.Т. Омарова мен А.А. Меңлібаевқа қатысты екі айға күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Күдікті Б.С. Абдолданова үйқамаққа алынды», — деп хабарлады Алматы облысының прокуратура өкілдері.

    Қазіргі уақытта іс бойынша соталды тергеу жүріп жатыр. ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі басқа мәліметтер әзірге жария етілмейді.

    Еске салайық, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті «Алматы облысының білім басқармасы» ММ-нің лауазымды тұлғаларына қатысты соталды тергеу бастаған болатын. Іс ҚР ҚК-нің 366-бабы 4-бөлігі «Пара алу» және ҚР ҚК-нің 367-бабы 4-бөлігі «Пара беру» бойында тергеліп жатыр.

    Тергеу материалдарына сәйкес, Майгүл Омарова 2020 жылдың қазан-қараша айларында жалпы сомасы 406 миллион теңгеге 2522 ноутбук жеткізуге және пандемиямен күрес бойынша дағдарысқа қарсы іс-шаралар шеңберінде сатып алынған ноутбуктерді кедергісіз қабылдауға мемлекеттік сатып алу шарттарын жасаған. 

    қатысты посттар

    Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары үйқамаққа ауыстырылды

    Фариза

    «Қару сақтау, дәрігерлердің жаппай вирус жұқтыруы». «СҚ-Фармация» экс-басшысына қандай айып тағылған?

    Фариза

    Қызылорда: Сырдария ауданында соңғы 2 науқас емделіп шықты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    nineteen − twelve =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.