-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    «Қытай геноцид саясатын тоқтатсын!». Алматыда консулдық алдында үш әйел пикет өткізді

    8 ақпанда Қытайдың Алматыдағы консулдығы алдына Шыңжаңдағы туыстарына іздеу салған үш әйел жиналып, пикет өткізді. Фарида Қабылбек, Гүлнұр Қосдәулетқызы және Нұрзат Ермекбай пикет кезінде туыстары туралы ақпарат жазылған плакат ұстап тұрды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Азаттық радиосына сілтеме жасап.

    — Отбасын асыраушысынан айырып, балаларды тірі жетім қылып, әйелдерді тірі жесір қылған Қытай геноцид саясатын тоқтатсын! Лагерьлерді жапсын. Қытайдағы мұсылмандарды босатсын. Төрт жылдан бері біздің көрмеген қорлығымыз жоқ. Жолдасымды жіберуді қатаң талап етемін, — дейді Гүлнұр Қосдәулетқызы.

    17 жылдан бері Қытайдан қайта алмай отырған Қазақстан азаматы Рахыжан Зейнолла туралы Азаттық бұған дейін мақала жазған. Әйелі Фарида Қабылбек 13 жыл түрмеде, бір жарым жыл «саяси лагерьде» болған күйеуінің енді үйқамақта отырғанын айтады.

    — Оны жазықсыз ұстап, «тыңшы» деген айыппен 13 жылға соттап, түрмеге қамады. Ол аздай, бір жарым жыл саяси лагерьде ұстады, ал содан кейін үйқамаққа жіберді. Не деген сұмдық! Неге жібермейді? Қытай оны Қазақстанға қайтарсын! – деген еді Фарида Қабылбек бұған дейін Азаттыққа.

    Нұрзат Ермекбай да Қытайда қалған бауыры Бірлесбек Ермекбайға іздеу салып келгенін айтты.

    Консулдық күзетшілері карантинді алға тартып, іштен ешкім шықпайтынын жеткізді. Консулдық алдында пикет өткізгендер олардан осындай жауапты жиі естиді. Өзін күзет бөлімінің бастығы деп таныстырған адам Азаттықтың түсірілім тобының камерасын көлегейлеп жапты.

    Жергілікті әкімдік өкілі Рита Ерманова келіп, пикет жасағандарға «шараның заңсыз екенін» ескертті. Оқиғаны бірнеше полицей сырттай бақылап тұрды.

    Кейінгі кезде Шыңжаңдағы туыстарын іздеген азаматтар Қытай консулдығы алдында жиі пикет өткізіп жүр. Бір апта бұрын Қытайда сотталған інісі туралы ақпаратты талап еткен Байболат Күнболатұлын полиция консулдық алдында ұстап әкетіп, ескерту берген.

    Қытай түрмесіндегі інісін босатуды талап еткен Алматы тұрғынын полиция әкетті
     
     

    Қытай Шыңжаңда лагерьлер ашып, оған ұйғырлар, қазақтар және басқа да мұсылмандарды қамап жатқаны жайлы ақпарат 2017 жылы тарай бастаған. 2018 жылы жазда БҰҰ «Шыңжаңдағы лагерьлерде бір миллионға жуық ұйғыр, қазақ және басқа да мұсылман отыр» деп мәлімдеген. Қытай билігі басында лагерьлердің барын жоққа шығарып, кейін бұл жерлерді «терроризм мен экстремизммен күресетін және кәсіп үйрететін орталық» деп сипаттаған.

    Бұған дейін лагерьлерде отырып шыққан қазақтар Қазақстанға оралған соң Шыңжаңдағы қудалау жайлы деректерімен бөліскен. Олардың айтқандары әлемдік БАҚ беттерінде де жарияланды. Халықаралық қауымдастық Қытайдың Шыңжаңдағы саясатын жиі сынайды. Ал Қытайға экономикалық жағынан тәуелді Қазақстан билігі Пекинің бұл саясаты жайлы ашық айта бермейді.

    қатысты посттар

    Ақтауда 6 баласын асырай алмай отырған әкені полицейлер жауапқа тартты

    Фариза

    Коронавирус өршіп тұрған қаладан 94 қазақстандық студент елге оралмақ

    Фариза

    «Сарай сауысқандары қайда? Әшейінде төрт қолдап, жылайтын!»

    Пікір қалдыру

    eight + twenty =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.