Четверг, 26 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Туризм

    Сафариге тегін саяхатта! Qazweek.kz ұйымдастырған байқауға қатысып, жеңімпаз атан!

    Египетке баруды жоспарлап жүрсіз бе, онда Qazweek.kz ақпарат агенттігі Мысыр еліндегі Adam tour компаниялық серіктесімен бірге сіздерге керемет мүмкіндік ұсынады. Тарихи қойнауға толы ғажайып елде, қызыл теңіздің жағасында квадрациклмен саяхаттағыңыз келсе, дәл сол сафариді біздің агенттік ең белсенді 3 оқырманына тегін сыйламақ.

    Пандемияға байланысты қазіргі таңда көптеген елдер шекараны жауып, туристерді қабылдаудан бастартып отыр. Ал қазақстандықтарға дәл қазір шет елдерге шығуға шектеу қойылып, санаулы мемлекеттерге ғана саяхаттауға мүкіндігі бар. Оның ішіндегі климаты жағынан да, қаржылық жағынан да ең тиімдісі Египет екендігін ол жақтағы туристердің көбеюінен-ақ байқауға болады. Сонымен қатар, олардың туристермен жұмыс істеу тәжірибесі де мол екендігін байқадық. Себебі, көпшілік туристер ол жердегі қонақжайлылық пен экскурсиялық топтардың келушілердің 100% көңіліңнен шығатындай жұмыс істеуге тырысатындығын айтады. Айта кетерлік жағдай дәл осы Египет елінде, Шарм-эль шейх атты туристерге арналған аймақта біздің агенттіктің журналистері бірнеше рет барып қайтқан болатын.

    Алғашқы сапарда бірінші рет келіп отырған мемлекетте қонақ үйге келген бірінші туристік компанияның көмегіне жүгіндік. Әлемнің 7 жеті кереметінің бірі саналған пирамиданы да көрдік, кемеге мініп, арал аралап, балықтармен де бірге жүздік.

    Елімізге қайта оралғаннан кейін, Қызыл теңізбен Египет елліне қызыққанымыз сонша, ол жақтағы туристік компанияларды ақтарып көрдік. Ақпарат ала келе, біздің экскурсияға өз бағасынан қымбатырақ төлегенімізді байқадық. Ал екінші рет Мысыр еліне аяқ басуға итермелеген Adam tour компаниясы болды. Себебі, бұл туристік агенттіктің бағалары әлдеқайда төмен, әрі тиімді жағы мол болды.

    Тиімді деп айтуымыздың себебі, бұл компания арқылы Египеттің тек Шарм-эль шейх, Каир және Эль-гиза атты 3 қаласын ғана емес, басқада қалаларын аралап, Мысыр елінің нағыз тұрмыс-тіршілігімен тансыуға, сондай-ақ екі материкте орналасқан ғажайыпқа толы елдің нағыз кереметін көруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, туристердің барлық көруге тұрарлық жерлерді көріп үлгеруіне мүмкіндік беретіндей уақытты да тиімді орналастырған.  Adam tour компаниясы біздің журналистерге сапар барысында бастан-аяқ тарихи елдегі көзбен көруге тұрарлық жерлер туралы кеңінен мәлімет берумен қатар, өз экскурсиялық тобымен сафаридегі керемет кешті өткізуге мүмкіндік берді. Өз істерін жақсы көретіні соншалық, туристік компанияның экскурсиясымен саяхаттаудан бастартқан жандар үшін де керекті ақпараттарды беруден аянбайды.

    Басқа елге барған кездегі ең бірінші мақсаттың бірі – ол , әрине атап өткеніміздей, сол елдің көрнекті жерлерімен, халқымен, мәдениетімен танысу. Дегенмен, тілін білмейтін, жерін білмейтін бөтен мемлекетте жалғыз өзің оған қол жеткізу өте қиын. Сондықтан, көптеген туриcтер сол елдің туристік компанияларына жүгінеді. Дегенмен, ол жерде туристік компаниялардың өте көп болатындығы белгілі. Бірінің ұйымдастырушылығы ұнамаса, енді бірінің қаржылық жағдайы ұнамай қалады. Мұндай жағдайда сенімді туристік компанияны таңдау өте қиын. Аталған жағдай ең маңызды мәселе болғандықтан, біздің агенттік Египет еліне саяхаттаушылар үшін ең арзан бағада, әрі сапалы жұмыс істейтін туристік компанияны назарларыңызға ұсына отырып, аталған компаниямен конкурс ойнатуды жөн санады. Яғни, талапты түгел орындаған белсенді 3 қатысушымызға Қызыл теңіздің жағасындағы 1 күндік сафариді сыйлыққа ұсынбақ. Сонымен қатар, Египет еліне саяхатқа барған туристер Qazweek.kz редакциясын атау арқылы арнайы жеңілдіктерге ие бола алады. Олай болса сафариді жеңіп алудың шарттарына көшейік:

    1. Qazweek.kz ақпарат агенттігінің инстаграм желісіндегі парақшасына жазылу;
    2. Qazweek.kz ақпарат агенттігінің инстаграм желісінде байқау жарияланған постқа лүпіл басу;
    3. Qazweek.kz ақпарат агенттігінің инстаграм желісінде байқау жарияланған посттың астына +белгісін қалдыру;

    + белгісін қалдыруға шек қойылмайды

    Жеңімпазды кез-келген күні СТОП арқылы анықтайтын боламыз. СТОП деп жазылған пікірдің алдындағы ➕-тің иелері байқауымыздың жеңімпаздары атанады! Жеңімпаздар ие болатын сертификат жыл соңына дейін жарамды.

    қатысты посттар

    Қазақстаннан Мальдивке ұшатын тұрақты рейстер ашылады

    Фариза

    Қытай қазақстандықтарға визасыз режим беру мүмкіндігін қарастырмақ

    Фариза

    Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларынан Түркістанға авиарейстер ашылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    18 + 12 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.