Пятница, 27 февраля 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    БҚО-да жаңа туған сәбиін өлтірген студентке қатысты сот үкімі шықты

    Оқиға 2020 жылдың 23 қараша күні Қазталов ауданы Жаңажол ауылында болған. 4 ақпанда Казталов аудандық №2 соты жаңа туған сәбиін полиэтилен пакетке орап, көшедегі дәретханаға тастаған студент қызға қатысты үкім шығарды. 19 жастағы тұрғын 2 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Azattyq-ruhy.kz порталына сілтеме жасап.

    Сотталушы кінәсін толық мойындап, жігітінің бала үшін жауапкершілік алудан бас тартқанын, жүкті екенін ата-анасына айтудан қорыққанын жеткізді.

    Сот үкімімен Қазталов ауданы Жаңажол ауылының тұрғыны Қылмыстық кодексінің 100-бабы (Жаңа туған нәрестені анасының өлтіру) бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, екі жылға сотталды.

    Сараптама қорытындысы бойынша, баланың өліміне механикалық асфиксия себеп болған. Нәресте шамамен 8-8,5 айлық болған.

    қатысты посттар

    «Полицияда жұмыс істейді. Оны жұмыстан шығармаған» BMW жүргізушісі туралы жаңа ақпараттар шықты

    Фариза

    «Өлім туралы ойлаған жоқпын» Бозбала шағында қан майданға аттанған ардагердің әңгімесі

    Жаназаға қатысушылардың саны қайтыс болған адамға қаншалықты әсер етеді?

    Фариза

    Пікір қалдыру

    two × 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.