-13.1 C
Алматы
Вторник, 24 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Мәдениет және шоу-бизнес

    «Қатысымыз жоқ» — Әкесі Димаш Құдайбергеннің ұлты туралы даудың нүктесін қойды

    Димаш Құдайбергеннің әкесі әнші Қанат Айтбаев ұлының қырғыз еліне қатысы туралы қауесеттерден кейін әулетінің шежіресін баяндады. Ол Facebook-тегі парақшасында әкесі Құдайберген Жақайым мен Барақ руларының ортақ баласы болып өскенін жазды, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    Айта кетейік, Димаш Құдайбергеннің 2013 жылғы видеосы жарияланып, ол онда қырғыз руынан шыққанын айтқан. Артынша әлеуметтік желілерде оның ұлты қырғыз деген көзқарас айтылған. Бұдан кейін әншінің әкесі мән-жайды түсіндіруді ұйғарған.

    Қанат Айтбаевтың әжесі, яғни әкесі Құдайбергеннің анасы Рахиманың руы Әлімнің ішіндегі — Жақайым, оның ішінде — Быламық. Ол кісі бой жетіп, Жақайым руының ішіндегі Талпақ, Қырғыз руының жиені Төлеубай деген кісіге тұрмысқа шығады екен.

    «Екеуі бірнеше бала сүйеді. Сөйтіп жүргенде отызыншы жылдардың аласапыраны басталады. Аштықтың кезінде Төлеубай атамыз өліп, әжеміз бала-шағасын аштан өліп қалмас үшін уақытша балалар үйіне өткізіп, аласапыран заманда олардан көз жазып қалады», — деп жазған Қанат Айтбаев.

    Осылайша ауылда аман қалған үлкендер ақылдаса отырып, сүйенер тірегінен, бала-шағасынан тірідей айырылған қамкөңіл Рахима әжені Әлімге сіңген қырғыз руының ішіндегі Барақ, оның ішіндегі Тілеубайдан тарайтын, жұбайы қайтыс болған атасы Айтбайға қосады.

    «Жан-жақтағы ағайын-туыстың сүйемелдеуімен екі жарты бір бүтін болып, түтін түтетеді. Көп ұзамай өмірге менің әкем келеді. Анадай жағдайлардан кейін дүниеге келген бала тіпті тәтті көрінеді ғой, екеуі де: «Бізге бұл баланы Құдай берді…» десе керек. Сөйтіп, екі шаңырақтың өшкен отын тұтатқан сәбиге Құдайберген деген есім беріледі», — дейді ол.

    Кейін әжесі Рахиманың балалар үйіне өткізгеннен кейін жоғалып кеткен Аязбай деген ұлы аман табылған.

    «Әкеміз 7-8 жасқа келгенде, тағы бір қуанышты жағдай болыпты. Әжемнің Төлеубайдан туған Аязбай деген ұлы аман табылады. Айтбай атам той жасап, бауырына басқан. Аязбай да мейірімді, елгезек бозбала екен, лезде атама бауыр басады. Менің әкем Құдайбергенді еркелетіп, ертіп жүреді екен.

    Бір күні Айтбай атам аттан құлап, мертігеді. Дерті әбден меңдеп, өмірден озар алдында ұлы Аязбайды шақырып алып: «Балам, естияр жігіт болып қалдың, менің уақытым таяған сияқты, інің Құдайберген өзіңе аманат, ешқашан бөлінбеңдер, саған сендім…» деп үзіліп жүре беріпті. Кейінірек анасы да өмірден озыпты. Атамыз қайтқан кезде менің әкем Құдайберген бар болғаны тоғыз жаста екен.

    Әке аманатына берік Аязбай атамыз інісі Құдайбергенді жетелеп жүріп өсіріп, Барақтың Тілеубайынан, Жақайымның Талпағынан тарайтын барлық туыс, туғанның мейірімін бойына тең сіңіреді.  Әкем Жақайым мен Барақтың ортақ баласы болып ер жетеді», — дейді әнші.

    Қанат Айтбаевтың әкесі Әлімнің Шектісінен тарайтын Қабақтың қызын алған екен. Олардан үш бала дүниеге келген.

    «Әскер қатарынан келген соң, ағасының ақ батасын алып әкем Алматы ауылшаруашылық институтына оқуға түседі. Оқып жүріп, Ақтөбенің Шалқар өңірінен келген, Әлімнің Шектісінен тарайтын Қабақтың қызы, менің анам Миуамен танысып, шаңырақ көтереді. Екеуінен үш бала өрбідік — мен, әпкем Гүлзира, қарындасым Нұргүл.

    Мен 1993 жылы институт бітіріп, Әлімнің Шектісінен, оның ішінде Назар руының Бәшенінен тарайтын Ермекқызы Светамен шаңырақ көтердім. Аллаға шүкір, қазір екі ұлымыз, бір қызымыз бар. Ата-анамызбен бірге бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз», — дейді ол.

    Суреттер Қанат Айтбаевтың әлеуметтік желідегі жеке парақшасынан

    Осылайша Қанат Айтбаев Алатаудың бауырын мекендеген қырғыз ұлтына қатысы жоқ екенін жазды.

    «Алатаудың бауырын мекендеген қырғыз ұлтына қатысымыз жоқ. Құдандалы, жекжатты болар кезде ғана айтылатын ру тармақтарын, өмір тарихын жариялы түрде баяндауға мәжбүр еткен «журналистерге» не дейін…», — деп жазған Қанат Айтбаев.

    қатысты посттар

    Астанадағы Наурыз мерекесіне 300 мыңнан астам адам қатысады

    «Жиіркенемін»: Түсіпбаева марқұм Жанар Хамитоваға ән арнағандар туралы айтты

    Фариза

    «Жұлысайын деп тұрғандай…» Екі әншінің суреті желіде қызу талқылануда

    Пікір қалдыру

    eleven − two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.