-10.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Нұр-Сұлтанда Жанболат Ағаділдің өліміне қатысты алдын ала сот тыңдауы басталды

    4 ақпанда Нұр-Сұлтанның қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Жанболат Ағаділдің өліміне байланысты қозғалған іс бойынша алдын ала сот тыңдауы басталды. Бұл туралы аталған соттың баспасөз қызметі жеткізді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Азаттық радиосына сілтеме жасап.

    — Істе 6 айыпталушы бар. Олардың аты-жөндері: Назарбеков, Әбілдаев, Сыдық, Жұмахан, Асболат, Рахмет. Оларға төрт бап бойынша айып тағылған: 293-бап («Бұзақылық»), 99-бап («Адам өлтіру»), 432-бап («Қылмысты жасыру»), 434-бап («Қылмысты хабарламау»). Алты жәбірленуші бар, — деді соттың баспасөз қызметінің өкілі.

    Істі судья Әлғожаев жүргізіп жатыр. Процесс ашық деп хабарланғанмен алдын ала сот тыңдауына Азаттық тілшісін кіргізбеді. Сот өкілдері ПТР тест талап етті.

    Былтыр 11 қарашаға қараған түні Нұр-Сұлтанда азаматтық белсенді, марқұм Дулат Ағаділдің ұлы Жанболат Ағаділ төбелес кезінде пышақ жарақатын алып, мерт болған. Полиция оқиғаға байланысты «Адам өлтіру» және «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған еді.

    Ақпарат бойынша, 10 қарашада түнде жергілікті жастар Көктал мен Талапкер ауылы болып бөлініп, төбелескен. Оған нақты не түрткі болғаны белгісіз.

    12 қарашада ІІМ «төбелеске қатысқандардың барлығы, негізгі үш күдікті де» ұсталды деп мәлімдеді. Ішкі істер министрлігінің тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов «іс бойынша жиналған дәлелдердің көмегімен күдіктілердің кінәсі дәлелденді» деп айтқан.

    Бұған дейін іс бойынша күдікті деп танылған екі жігіттің туыстары мен адвокаттары «тергеудегі заңсыздықтарға» шағымданған.

    Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбе және өзге қалаларда белсенділер Жанболат Ағаділ мен әкесі азаматтық белсенді Дулат Ағаділдің өлімін ашық тергеуді талап еткен.

    Жанболат Ағаділ — 2020 жылы ақпан айында Нұр-Сұлтандағы тергеу изоляторында жұмбақ жағдайда қаза болған азаматтық белсенді Дулат Ағаділдің ұлы. Дулат Ағаділ өлімінен кейін де Қазақстан қалаларында наразылық тұтанып, оған қатысқандар белсендінің өліміне билікті айыптаған. ІІМ «Ағаділ жүрек талмасынан қайтыс болды» деп мәлімдеген. Марқұмның туыстары биліктің нұсқасына күдік келтіріп, ашық тергеуді талап еткен. Ал прокуратура белсенді өлімінен кейін ашылған қылмыстық істі жапқан.

    қатысты посттар

    Тоқаев: Біз Алтын Орда негізін қалаушы Жошы ханға міндетті түрде құрмет көрсетуіміз керек

    Еңбек министрлігі: 42 500 теңгеге өтінішті бұл жолы азаматтардың өзі емес, жұмыс орны беруі тиіс

    Фариза

    Зооқорғаушылар елордада иттердің зорланғанын айтып, дабыл қақты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    fifteen − 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.