-13.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Полиция Боқаевты қарсы алу үшін Атырауға жол тартқан Лұқпан Ахмедияровты жарты жолда ұстады

    3 ақпанда полиция Макс Боқаевты қарсы алу үшін Атырауға жол тартқан «Уральская неделя» басылымының бас редакторы Лұқпан Ахмедияровты жарты жолда ұстады. Бұл туралы онымен бірге жолға шыққан әріптестері хабарлады. Полицейлер Ахмедияровты Оралға қайтарған, тағы бірнеше белсендіге шақырту қағазын тапсырған, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Азаттық радиосына сілтеме жасап.

    — Біз таңертеңгі сағат 7-де Атырауға қарай жолға шықтық. Көшімге жақындаған кезде бізді полицейлер тоқтатып, тұман сейілмейінше трассаның жабық болатынын айтты. Сол жерде күте тұруды сұрады. Ол кезде трассада жалғыз біздің ғана көлік болды. Шамамен 3 сағаттай күттік, осы кезде төтенше жағдай департаменті барлық бағыттар бойынша трасса ашық екенін хабарлады. Бірақ бізді бәрібір жібермеді. Екі жаққа көліктер көп жиналып, тұрып қалды. Сәлден соң біз тұрған жерге полиция автобусы келіп, Лұқпанға шақырту қағазын тапсырды. Лұқпан өзін 5-іне шақыртқанын айтып түсіндірсе де оны бәрібір қалаға алып кетті, — деді Азаттыққа басылым редакторы Рауль Упоров.

    Лұқпан Ахмедияров Facebook желісінде полицейлердің өзін ұстаған сәтінен видео жариялады.

    Журналистер бейсенбі, 4 ақпанда түрмеден шығатын «саяси тұтқын» Макс Боқаевты қарсы алу үшін көрші Атырау қаласына бармақшы болған. Упоров Ахмедияровты полиция алып кеткеннен кейін трассаның бірден ашылғанын айтты.

    Макс Боқаевтың бостандыққа шығу күні қарсаңында Оралда бірнеше белсенді полицияға шақырту алған: Мақсат Айсауытов, Бекболат Өтебаев, Бауыржан Әліпқалиев, Орынбай Оқасов.

    Полиция департаментінің баспасөз қызметі Азаттық тілшісіне белсенділерге «бір қылмыстық іс аясында» шақырту қағаздары тапсырылғанын айтты. «Тергеу құпиялылығына байланысты жай-жапсарын айта алмаймыз» деді баспасөз хатшысы Болатбек Белгібеков.

    Осыған ұқсас оқиға 2 ақпанда Нұр-Сұлтанда да болған. Сейсенбі күні Нұр-Сұлтан полициясы Макс Боқаевты қарсы алмақ болып Атырауға жолға шыққан төрт белсенді мінген көлікті тоқтатып, көлікті айып тұрағына қойғызған.

    48 жастағы Макс Боқаев 2016 жылғы қарашадан бері түрмеде отыр. Бес жыл бұрын Атырауда мыңдаған адам орталық алаңға жиналып, жерді шетелдіктерге жалға беруге қарсылық білдірген. Атырауда басталған наразылық кейін елдің басқа аймақтарында да жалғасып, билік жерді шетелдіктерге жалға беруге уақытша мораторий жариялаған. Жер митингілерінен кейін Боқаев «әлеуметтік араздық тудырды», «жалған ақпарат таратты» және «митинг өткізу заңдарын бұзды» деп айыпталып, 5 жылға сотталған.

    Қазақстандық құқық қорғаушылар оны «саяси тұтқын» тізіміне қосқан, ал ресми билік елде саяси тұтқын жоқ деумен келеді.

    Бұдан бұрын Макс Боқаевтың 4 ақпанда бостандыққа шығатыны хабарланған.

    қатысты посттар

    «Ешқандай сыбайлас жемқорлық қылмыс жасамағаныма көздеріңіз жетеді» Біртанов сот процесі алдында жазба жариялады

    Фариза

    «Бағаларын көріп жағамды ұстадым» — Ата-аналар оқу құралдарының қымбаттап кеткенін айтып шағымдануда

    Ақтөбе облысында су тасқынан өңірді қоқыс басып қалды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    15 − 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.