-13.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    «Елім деген әр азаматтарымызды қамай берсек, еліміздің болашағы не болмақ?» Бақтияр Артаев биліктегілерге үндеу жасады

    Отандық танымал боксшы Бақтияр Артаев алты айға бас бостандығынан айырылған Қуат Хамитовқа шығарылған үкімді сынап, басшылықты әділ болуға шақырды, деп хабардайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі.

    Бақтияр Артаев Instagram парақшасында арнайы видео үндеу жариялап, Қуат Хамитовке қолдауын білдірді. Ол Қуаттың да өз ойын жеткізуге құқығы бар екендігін жеткізгісі келді.

    «Кешеден бері интернет желісін шулатып жатқан ақпарат — Қуат Хамитовтың алты айға сотталғаны. Осыған байланысты Қуат бауырыммен хабарластым. Мән-жәйды білдім. Расында алты айға үй қамағына алынған екен. Осы тұрғыда менің азаматтық позициям мынадай: Ол менің бауырым, спортшы болғандықтан мен бұл жағдайда үндемей қалуым мүмкін емес. Біз демократиялық және зайырлы мемлекет болғаннан кейін өзінің ойын ашық жеткізе білу керек. Егер елім деген әр азаматтарымызды қамай берсек, еліміздің болашағы не болмақ?

    Сондықтан мен бұл шешім дұрыс емес деп есептеймін. Керісінше, осындай елім дейтін спортшылар бар кезде оларды барынша қолдап, ел атын шығаруына атсалысудың орнына біз өкінішке орай оларды қамап жатырмыз. Осы тұрғыда бір-ақ нәрсе айтқым келеді. Мен мемлекет басшылығында отырған кісілерден әділ болып, осындай батырларымызды қолдауларыңызды сұраймын. Ал Қуат сияқты бауырларыма аман болыңдар. әрқашан ел атын шығара беріңдер. Біз сендермен бірге боламыз» , — деді Артаев.

    қатысты посттар

    Қостанай облысында білім бөлімінің бастығы асылып өлді

    Фариза

    Ақтөбедегі шипажайда жетім баланы ұрған тәрбиеші жұмыстан қуылды

    Фариза

    Каспийде жүздеген шаяндар жағалауға шығып қалған

    Пікір қалдыру

    18 − 8 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.