-12.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Қазақстанда мүгедек жандарға арналған жәрдемақыға өзгеріс енгізу жоспарланды

    Мәжілісте мүгедек жандарға арналған жәрдемақы мәселесі бойынша заңға өзгерістер таныстырылды. Атап айтқанда, мүгедектердің күтімі үшін жәрдемақы енгізу, 7 жастан 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды мүгедектік топқа бөлу, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    «Біріншіден, мүгедектік себебіне қарамастан, бірінші топтағы мүгедектерге күтім жасайтын адамдарға жәрдемақы енгізу. Бұл жәрдемақымен 20 мыңнан астам күтім жасайтын адам қамтылады.

    Сондай-ақ, медициналық-әлеуметтік көрсеткіш негізінде қажеттілік дәрежесін ескере отырып, жеке көмекшінің қызмет көрсету тетігі өзгереді», — деді мәжілісте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шапкенов.

    Екіншіден, Еңбек министрлігі 7 жастан 16 жасқа дейінгі балаларды мүгедектік топ бойынша бөлуді жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта 16-18 жас аралығында топтар анықталып жатыр.

    «Топқа бөлу бала дертінің ауырлығына байланысты жәрдемақы мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді. Бұл ретте жәрдемақы мөлшері атаулы көмек қажеттілігіне байланысты енгізіледі. Мүгедек балалар үшін жәрдемақы мөлшері 16-дан 37 пайызға дейін ұлғаяды», — деп атап өтті министр.

    Үшіншіден, асыраушысынан айырылған мүгедек отбасыларға екі жәрдемақыны да алу қарастырылды. Бұл қазіргі уақытта жәрдемақының тек бір түрін алуға мәжбүр болған екі мың баланың әл-ауқатын жақсартуға көмектеседі.

    «Төртіншіден, мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасын орындаудың баламасы ретінде 2023 жылдан бастап жұмыс берушілер үшін өтемақы жарналарын енгізу ұсынылады. Жинақталған қаражат жұмыспен қамтуға бағытталады.

    Бесіншіден, еңбек жарақатынан мүгедек болған адамдарды мемлекет есебінен оңалтудың техникалық құралымен, қызметімен қамтамасыз ету», — деп атап өтті министр.

    Өзгеріс тұрғын үй кезегіне де әсер етеді. Қазір кәмелетке толмаған мүгедектер тұрғын үй кезегінде тұр. Бірақ 18 жасқа дейін олар үй алып үлгермесе, кезекке кәмелетке толған ретінде қайта тұруға мәжбүр. Министр мүгедек топтар үшін бұл кезекті сақтауды ұсынды. Қазіргі уақытта кезекте тұрған 20 мың адам бар.

    «Заң жобасының тағы бір бөлімі бала күтіміне байланысты. Бала бір жасқа толып еңбек қызметін қайта бастаған жағдайда, табысынан айырылғандарға төленетін әлеуметтік төлем сомасының кепілдік берілген деңгейін белгілеу», — деді Шапкенов.

    Сегізінші, мүгедек балаға күтім жасау кезеңін 16 жастан 18 жасқа дейін ұзарту.

    Заң жобасын қабылдау бюджеттен қосымша қаражат бөлуді қажет етпейді. Шығын нормалары 2021-2023 жылдарға арналған бюджеттен бөлінген қаражат аясында іске асады. Ол 55,4 миллиард теңге.

    қатысты посттар

    «Гарант 24» ломбардының иесі Аслан Мырзабеков Кишиневте ұсталды

    Фариза

    Риддердегі уақытша ұстау изоляторының бастығы қарамағындағы қызметкерге зорлық жасады деген күдікке ілінді

    Фариза

    Желіде Алматыдағы балабақшада тәрбиешінің баланы азаптаған видеосы пайда болды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    sixteen − 15 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.