-10.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай түрмедегілерге рақымшылық жасалады

    ҚР Ішкі істер министрлігі «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай рақымшылық жасау туралы» заң жобасын әзірледі, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    Заң жобасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған және азаматтар мен мемлекет қауіпсіздігіне үлкен қатер төндірмейтін қылмыстар бойынша сотталған адамдарды жазадан босатуды көздейді.

    Атап айтқанда, заң жобасы қылмыстық жауапкершіліктен босатылуға жататын сотталушылар санатын (әлеуметтік осал) анықтайды.

    Сондай-ақ, жаза мерзімі қысқартылатын сотталушылардың санаттары анықталды.

    Сонымен қатар, қылмыстың жекелеген түрлеріне рақымшылық тәсілі қолданылуға жатпайды.

    Заң жобасында рақымшылық жасаудың, оның ішінде Қазақстан соттарының үкімімен сотталған және халықаралық шарттар негізінде шетелде мерзімін өтеп жатқан адамдарға қатысты қолдану шарттары анықталған.

    Сондай-ақ, амнистия бойынша босатылған адамдарды әлеуметтік-медициналық қамту бойынша атқарушы органдардың шаралары қарастырылған. Сонымен қатар, рақымшылық қолданылмайтын адамдардың санаты анықталды.

    Авторлардың айтуынша, заң жобасын қабылдау келесі құқықтық және әлеуметтік-экономикалық нәтижеге әкеледі:

    — 3-4 мыңға жуық сотталушыны босату;

    — қылмыстық істерді және осы Заң жобасы күшіне енгенге дейін қылмыстар бойынша соттар қарап үлгермеген істерді тоқтату;

    — шағын және орта ауырлықтағы қылмыстар үшін жауапкершілік;

    — сотталушылардың жекелеген санаттары үшін жазаның өтелмеген бөлігін азайту.

    Қазақстанда егемендік жарияланғаннан бері рақымшылық туралы 8 заң қабылданды.

    1994 жылғы 5 қазанда «Халықаралық отбасы жылына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңға сәйкес, 1 380 сотталушы мерзімінен бұрын босатылды.
    1996 жылғы 15 шілдедегі «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының бір жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңына сәйкес, 10 988 сотталушы жазадан босатылып, 2396 сотталушының жаза мерзімі қысқартылды.

    1999 жылғы 13 шілдедегі «Біртұтастық және ұрпақтар сабақтастығы жылына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңына сәйкес, 15 705 сотталушы босатылып, 2 270 сотталушының жаза мерзімі қысқартылды.

    2000 жылғы 29 желтоқсандағы»«Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның қабылданғанының 10 жыл толуына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңына сәйкес, 7791 сотталушы босатылып, 964 сотталушы жазасының мерзімі қысқартылды.
    2002 жылғы 19 ақпандағы «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңына сәйкес, 10 524 сотталушы босатылып, 693 сотталушының жазалау мерзімі қысқартылды.

    2006 жылғы 9 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты рақымшылық жасау туралы» заңға сәйкес, 3626 сотталушы босатылып, 1406 сотталушының жаза мерзімі қысқартылды. 2011 жылғы 28 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің 20 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңына сәйкес, 2628 сотталушы босатылып, 859 сотталушының жазалау мерзімі қысқартылды.

    2016 жылғы 13 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңына сәйкес, 1220 сотталушы босатылып, 2338 сотталушының жаза мерзімі қысқартылды.

    қатысты посттар

    Алматыдағы жағдай күрт нашарлады — Бекшин

    Фариза

    Қызылорда теміржол вокзалындағы санитарлық жағдай бақылауда

    Фариза

    «Темір жолдан өшін алып, ақша алайын деп отыр» Тальгодағы оқиғаға байланысты сотталғандардың ата-анасы сұхбат берді

    Пікір қалдыру

    nine − one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.