Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Ақтөбе облысында тағы бір кеніш мұнайшылары ереуілге шықты

    Ақтөбе облысы Көкжидедегі мұнайшылардың ереуілін жалғастырып жатқанына 5 күн болған шақта осы ауылға жапсарлас жатқан өзге бір кеніштің мұнайшылары ереуілге шықты. 29 қаңтарда түс кезінде Бәшенкөл кенішінде «АМК-Мұнай» компаниясының 60-тан астам жұмысшысы өндірісті тоқтатып, жұмысқа шығудан бас тартты. Бұл туралы Qazweek.kz ақпарат агенттігі Азаттықтың радиосына сілтеме жасап хабарлайды.

    Бәшенкөлдегі мұнайшылар да жалақыларын 100 пайызға өсіруді талап етіп отыр. Кеніште оператор болып істейтін аты-жөнін айтқысы келмеген жұмысшы Азаттыққа «айына 67 мың теңге аламын, бұл мардымсыз жалақы, ештеңеге жетпейді, азық-түлік болса қымбаттап жатыр» деп шағымданды. Жұмысшылардың айтуынша, операторлар жалақысы — 67-70 мың, көлік жүргізушілердің айлығы — 100 мың, супервайзерлердікі 140 мың теңгені құрайды.

    «Былтыр наурыз айынан бері жалақымыздың аз екенін айтып келеміз. Көкжидеде осы мәселе көтерілгеннен кейін еңбек инспекциясына шағымдандық. Олардан «жалақы мәселесі жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы ұжымдық келісім-шарт негізінде шешіледі» деген сырғытпа жауап келді. Сол себепті жұмысты тоқтатып, ереуілге шығуға мәжбүр болып отырмыз» деді жұмысшылар Азаттыққа.

    «АМК-Мұнай» компаниясының басшысы Ержан Қолдасов Азаттық тілшісіне «жұмыстың тоқтағанын» жоққа шығарды. Ол «жұмысшылар талап қойып отыр, оны әлі талқылаймыз. Сол жаққа барамыз» деп қысқа қайырды.

    Жұмысшылардың сөзіне қарағанда, жұма күні кеніштегі ереуілшілерге Ақтөбе қаласынан тағы 40 жұмысшы келіп, қосылуы тиіс болған. Бірақ Темір елді мекеніне келгенде «жұмыс берушілер оларды кері қарай алып кеткен». Ереуілге қосыла алмай қалған жұмысшылардың бір бөлігі 29 қаңтарда түстен кейін компанияның Ақтөбедегі кеңсесінің алдына жиналып, талаптарын айтты.

    — Бізді бастығымыз қуып жетті де Темірден кері қарай қайтарып жіберді. «Біз ұсынған жалақыға келіспесеңдер, онда үйлеріңе қайтыңдар» деді. Одан кейін осында келдік. Біз мұнда 11 жылдан бері істеп келе жатырмыз. 11 жыл бойы бір жалақыны алып келеміз. Осыған дейін де жалақыға шағымданғанбыз, нәтиже жоқ, — деді оператор Біржан Ермұханбетов.

    Компания кеңсесінен әзірге ешкім шықпады.

    — Жалақымыз өте аз. Барлық кеніштегі жұмысшылардың айлықтарымен салыстырғанда біздікі тым мардымсыз. Операторлар 65 мың теңге алады. Оны жалақы деп те атау қиын. Отбасыны асырап, несие төлеуге ол жетпейді. Жалақымызды 100 пайызға өсірсін. «Жалақыны өсіреміз» деп уәде бергеніне бірнеше жылдың жүзі болды. Көбейген жоқ, — деді жұмысшылардың бірі Вячеслав Овчинников.

    Жергілікті әкімдік әзірге оқиғаға түсініктеме бермеді.

    Бәшенкөлден шамамен 18 шақырым жерде орналасқан Көкжиде кенішіндегі «КМК Мұнай» компаниясы жұмысшыларының жалақыны 100 пайызға көбейтуді талап етіп, ереуілдеп тұрғанына жұма күні 5 күн болды. Содан бері өндіріс тоқтаған. Компания басшылығы жұмысшыларға жалақыны 20 пайызға көбейтуді ұсынғанын, бірақ жұмысшылардың оған келіспегенін айтқан. Жергілікті әкімдік жалақы дауын шешу үшін комиссия құрылғанын хабарлады.

    қатысты посттар

    «Құлағыма шанышқы тықты, өтінемін көмектесіңіздерші!»: Жетісайда балалар туған анасынан қорғауды сұрады

    Фариза

    «Астана атауын ауыстыруға наразы» тұрғынды полиция ұстады

    Шымкентте бірінші сынып оқушысын сабақ үстінде ұрған әйел видеоға түсіп қалды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    three × three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.