-7.2 C
Алматы
Среда, 11 марта 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Атырау облысында әйел жаңа туған сәбиін қоқыс контейнеріне тастап кеткен

    Оқиға 24 қаңтар күні Атырау облысының Сағыз ауылында болған деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Azh.kz порталына сілтеме жасап. 35 жастағы әйел босанған бойда шақалақты үй маңындағы қоқыс контейнеріне тастап өлтірген.

    Қансыраған әйел жедел жәрдем шақырыпты. Оның жақында босанғанын түсіненген дәрігер үйде сәбидің жоқ екеніне көз жеткізіп, дереу полицияға хабар берген. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары шақалақты қоқыстан тапты. Өкінішке қарай, бала өлі болған.

    Күдікті әйел көпбалалы ана болған. Оның төрт баласы бар. Бесіншісінің жүктілігін дәрігерлерден жасырыпты. Осыдан бес күн бұрын өз үйіндегі дәретханада босанған.

    Дәрігерлер анықтағандай, дүниеге келген сәби тірі болған және денсаулығында кінәрат болмаған.

    Қазіргі таңда аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

    қатысты посттар

    Бас прокуратура: Қытай Сайрагүл Сауытбайды қайтаруды сұрап отырған жоқ

    «Қоғамның дені сау емес… Есі дұрыс адам солай жасай ма?» — депутат

    Шымкентте бірінші сынып оқушысын сабақ үстінде ұрған әйел видеоға түсіп қалды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twelve + 14 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.