-5.1 C
Алматы
Четверг, 14 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Депутат шенеуніктерге: Мәскеуге барсаңыз, қаншалықты артта қалғанымызды түсінесіз

    Сенат депутаты Ақылбек Күрішбаев өсімдіктер карантині бойынша отандық зертханалардың жұмысы сын көтермейтінін айтты. Ол елімізде не не заманауи база, не кәсіби мамандар жоқ екенін жеткізді деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан порталына сілтеме жасап.

    Жуырда қауіпті вирус табылды деген себеппен қазақстандық томат пен бұрыш өнімдерін Ресейге кіргізуге тыйым салынған еді. Күрішбаевтың пікірінше, бұған отандық зертханалардың осы бағыттағы мардымсыз жұмысы да себеп болып отыр.

    «Мұндай сауда соғысында тауардың сапасын ғылыми тұрғыдан растау басты дәлел болып саналады. Ал біздің зертханалық базамыздың жағдайы ешқандай сын көтермейді. Он жыл бойы біз өсімдіктер карантині бойынша зертхананы жөнді ұйымдастыра алмай келеміз. Не заманауи база, не зерттеудің қазіргі әдістерін меңгерген кәсіби мамандар жоқ. Тіпті, сол вирусты талдау үшін ПТР тестілерін Ресейден, яғни, бізге сауда кедергілерін тудырып отырған елден сұрап алдық», — деді депутат сенаттың жалпы отырысында.

    Егер өз бизнесімізді қорғағымыз және Одақтың толыққанды мүшесі болғымыз келсе, осылардың барлығы өзімізде болуы керек, деп жалғастырды сөзін сенатор.

    «Осы ретте мен бұл жұмысқа жауапты лауазымды тұлғаларға кеңес бергім келеді. Мәскеуге барып, Бүкілресейлік өсімдіктер карантині ғылыми-зерттеу институтының қалай жұмыс істейтінін көрсеңіздер, біздің қаншалықты артта қалғанымызды түсінер едіңіз», — деді Күрішбаев.

    Депутаттың айтуынша, елімізде ГМО өнімдерін зерттеу жүйесіндегі жағдай да осындай. Сондықтан Қазақстанға гендік модификацияланған тамақ өнімдері мен тұқымдық материалдың кіру қаупі өте жоғары.

    Осыған байланысты сенатор сараптамалық қызмет көрсететін барлық зертханаға тексеру жүргізуді ұсынды.

    Сондай-ақ, оларды заманауи деңгейде кадрлық, техникалық және әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етіп, еліміздегі сараптама жүргізетін мекемелерді жаңғыртуға қатысты тиісті шаралар қабылдау қажет деп санайды.

    қатысты посттар

    «Димаш ұлым, саясаттан аулақ бол!» — Нұрлан Өнербаев

    Мұхтар Жәкішев шартты түрде бостандыққа шықты

    Тоқаев «наразылыққа шыққандарға репрессиялық шара қолданылмайды» дейді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    1 × one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.