-4.1 C
Алматы
Понедельник, 25 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Парламент депутаттарының жалақысы белгілі болды

    Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының жалақысы белгілі болды, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап. 

    «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету бақсармасы ҚР заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының жалақысы жұмыс өтіліне байланысты 550 мыңнан 800 мың теңгеге дейін түрленетіндігін хабарлайды», — делінген Tengrinews.kz тілшісі жолдаған ресми сауалға берілген жауапта.

    Айта кетейік, 2019 жылы ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының жалақысы — 684 874 теңге болған және бұл сомаға депутаттың еңбек өтіліне қарай үстеме қосылатын.

    Парламент тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн екi Палатадан: Сенат және Мәжiлiстен тұрады. 

    Сенат конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады. Сенаттың сайланатын депутаттарының жартысы әрбір үш жылда қайта сайланады.

    Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын 107 депутаттан тұрады. Мәжілістің 98 депутаты саяси партиялардан партиялық тізімдер бойынша бірыңғай жалпыұлттық сайлау округінен жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Мәжілістің 9 депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды.

    Парламент депутаты бiр мезгiлде екi Палатаға бiрдей мүше бола алмайды.

    қатысты посттар

    «Көпбалалы отбасылар үшін жағымды жаңалық» Министр мәлімдеме жасады

    Фариза

    Әкім: Балабақшада 6 тілді оқытуымыз мүмкін

    Макс Боқаевтың 4 ақпанда түрмеден шығатыны хабарланды, ақпарды ресми орындар әлі растаған жоқ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eight − 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.