Понедельник, 8 декабря 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Алматыда мас судьяға қатысты қызметтік тергеу басталды

    Мас судьяға қатысты қызметтік тергеу басталды. Бұған дейін әлеуметтік желіде бір топ адамның дастархан басында қатты мас күйінде отырған видеолары тараған еді. Бір-бірін құшақтаған адамдардың анайы сөздерді тілдері күрмеле айтып жатқандары естіледі. Видеоны көпшілікке көрсеткендер мас адамның бірі Алмалы аудандық сотының судьясы екенін айтқан, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Azattyq-ruhy.kz порталына сілтеме жасап.

    «Судьялардың тағы бір қызықты ролигін шығаруға тура келді. Бұл топ ішіндегі адамның бірі — Алматының Алмалы аудандық сотының қазіргі төрағасы Қуаныш Арипов»,- делінген Kozachkov offside Telegram-каналында.

    Аталған жағдайға қатысты Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі пікір білдірген еді. Кейін іске Жоғарғы соттың да араласқаны анықталды. 

    «Бүгін әлеуметтік желілерде қоғамның қызу талқысына түскен бейнежазба жарияланды.

    Оны таратушылардың пікірінше, бейнежазбадағы тұлғалардың ішінде Алмалы аудандық сотының судьясы бар.  

    Осы оқиға бойынша Алматы қалалық соты қызметтік тексеріс жүргізіп жатқанын хабарлайын»,- деді Жоғарғы сот баспасөз қызметінің жетекшісі Абай Жарылқасын.

    https://youtu.be/WHMg1XSs1II

    қатысты посттар

    Атакенттегі 23 миллион тенгелік тиін жаңа бейнеде қайта салынбақ

    Фариза

    Гүлшара Әбдіқалықова қаладағы мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметімен танысты

    Фариза

    Жақсылық жаршысы: Қызылордаға тағы да 54 оттегі концентраторы келді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    sixteen − 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.