Мемлекет басшысы Қасым-Жомарат Тоқаевтың қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.
«Бүгін біз коронавирус індетіне қарсы қабылданып жатқан шараларға қатысты мәселелерді қараймыз. Сонымен қатар, биылғы бірінші жартыжылдықтағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылаймыз. Жыл басынан бері ұлттық экономика күрделі жағдайда дамып келеді. Ел экономикасы жалпы 1,8 пайызға төмендеді. Пандемияға байланысты қызмет көрсету саласы айтарлықтай құлдырады (5,6 пайыз). Халықты және бизнесті қолдау үшін аса маңызды шаралар қабылдадық. Менің тапсырмам бойынша Экономикалық өсімді қайта қалпына келтіру жөнінде кешенді жоспар қабылданды», — деді Президент.