-13.1 C
Алматы
Вторник, 24 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Алматы антикор қызметкерлері полиция қызметкерін кінәсі жоқ болса да, жалған кінә таққандарын мойындады

    Антикор қызметкерлері полиция қызметкерін мүгедек адамнан ақша алды деп айып тағып, уақыт өте келе оған бұл істі арнайы ұйымдастырғанын мойындаған.

    16 қараша 2020 жылы Алматы қаласының Түрксіб ауданының судьясы  А.С.Жылқыбаева қылмыстық іс бойынша шығарылған үкімімен   Бағлан Ереханұлы ҚР ҚК-нің 24-бабының 3 бөлігі, 190 бабының 23-ші бөлігі 2 тармағымен кінәлі деп танылып, осы бабпен оған 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, жазасын қылмыстық атқару жүйесінің  қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтеуге шешім шығарған.

    Алғашқыда мүгедек адамнан ақша алды деп айыптаған сот ісі, сотталушы кінәсін мойындамағаннан кейін, оның үстінен қайтадан алаятық жасады деген қылмыстық іс қозап, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырған. Осыдан кейін сотталушының туыстары істі аппелицияға береді. Дегенмен, сот барысында антикор қызметкерлері Бағлан Ереханұлының кінәсі жоқ екендігін, оған бұл істі арнайы ұйымдастырғанын мойындайды. Антикор қызметкерлері мойындаса да, сот Бағлан Ереханұлына 6 ай мерзім беріп, оны тергеу бөлімінде ұстап отыр. Qazweek.kz ақпараттық агенттігіне көмек сұрап хабарласқан Бағлан Ереханұлының әкесі Президентіміз Тоқаевтың сот ісі мен антикор бөліміне байланысты осындай өрескелдіктерді қолға алып, баласының ісіне байланысты араша сұрады.

    Аталған іске байланысты Qazweek.kz ақпарат агенттігінің журналисі Бағлан Ереханұлының әкесімен тідесіп көрген еді.

    Қылмыстық іс қалай басталды? Балаңызға қандай айып тағылып отыр?

    Бастапқыда түрмеден жақында ғана шыққан мүгедек кісіден ақша алды деп айып таққан болатын. Дегенмен, іс барысында арызданушы полиция қызметкерлерінің ішінен менің баламды мүлде танымаған да болып шықты. Істі анықтауға барған тергеушілерден Бағлан деген қайссы деп сұраған. Тіпті, арызданушының  кемпіріне әдейі бірдеңені сыбырлап жатқаны да видеоға түсіп қалған. Осы істен кейін арызданушыны іздеп бірнеше мәрте оған хабарластым. Ол: бұл істі оған антикор қызметкерлерінің әдейі қинап жаздырғандығын айтып, кешірім сұрады. Сол оқиғадан кейін, сотқа арызданушының мүлде сөйлей алмайды деген анықтама қағазы жеткізілді де, содан кейін сот ісіне арызданушы да, оның әйелі де қатыспады.

    Арыз бойынша, арызданушы Бағланның телефон арықылы ақша сұрағанын жазады. Ал анықтап қарағанымызда арызданушы ол уақытта мүлде Алматыда болмаған. Екеуінің арасында ешқандай телефон байланысы да болмаған. Осыны дәлелдеп бергеннен кейін сот баланың кінәсі жоқ, антикоррупциялық бөлімнің адамдары Бағлан Ереханұлының жазықсыз екенін, өздерінің арнайы ұйымдастырғанын мойындады деді. Бірақ, сонда да неге екенін түсінбедік 3 жыл 6 ай берді.

    Қазіргі таңда Бағлан Ереханұлы Алматы қаласы, Текелі ауданында тергеу бөлімінде отыр.

    Антикор қызметкерлері кінәсі жоқ екендігін, қолдан ұйымдастырылған іс екендігін мойындап отырса да, сот балаңызды неліктен әлі күнге босатпай отыр?

    Бастапқыда баламды мүгедек адамнан ақша алды деген айып таққан болатын. Ол кінәні балам мойындамағаннан кейін, оның үстінен екінші қылмыстық іс қозғады. Алаяқтық жасады деген. Ол іс бойынша 3 жарым жылға соттап жіберді. Арызданушыдан ақша алмақшы болды деп іс қозғады. Видеода менің ұлымның серіктесі бар, арызданушының түрмедегі тікелей бастығы, видеода ол да бар. Арызданушының тіпті, менің балама мүлде қатысы жоқ десек те болады, яғни айтып өткеніміздей, оның түрмедегі тікелей бастығы баламмен бірге жұмыс істейтін полиция қызметкері болған. Біз видеода оның тұрғанын көріп тұрмыз, оны алға тартып баламның кәнісіз екендігін дәлелдеуге тырыссақ та,  оған көңіл аударып жатқан жоқ.

    Арызданушының өзі адам өлтіріп, қыз зорлап, адамдарды алдап, ақшасын алып кеткендігімен түрмеге бірталай рет түскен. 6-7 рет сотталған.

    Арызданушы басқа адамның бақылауында болған болса, антикор қызметкерлерінің сіздің балаңызға шүйлігуінің себебі неде? Жоқ, әлде олармен балаңыздың арасында әлдеқандай түсініспеушіліктер орын алған ба еді?

    Менің балам түрмеде өз жұмысы бойынша тәртіпке баса назар аударып, істі барынша ұқыпты істеуге тырысқан. Дегенмен, түнде түрмеге түскен адамдарды тексеруге антикоррупция бөлімінің қызметкерлері кедергі келтірген. «Не үшін оларды тексересің, олар да қызметкер болған ғой», —  деп істі анықтауға кедергілер жасаған. Ал менің балам болса:  мен өз жұмысымды істеп жатырмын, —  деп жауап берген. Бұл 2017 жылы болған оқиға. Міне содан бері баламды ұстаудың неше түрлі амалдарын қарастырып келе жатыр.

    2017 жылы менің баламды түрмеге заңсыз телефон кіргізді деп айыптады. Сотталған адамның інісі менің баламнан ақша алып, түрмеге телефон кіргізіп берді деп айтады. Ал сол телефон кіргізді деген уақытта менің ұлым  демалысқа шығып кеткен. Мекеменің басшысы да, арызды естігенде оның демалыстағы адам екендігін айтқан.

    2019 жылы қаңғыбасқа арнайы арыз жаздырып, одан ақша алды деп айыптайды. Тағы да оны ұстамақшы болған кезде, анасы қайтыс болды. Қолында арыз қағазы болды, машинаға сүйреп мінгізбек те болды. Бірақ, ол кезде ұлым анасының жерлеуінде жүрді де, оларға өзінің ешқандай ақша алмағандығын айтты, содан кейін бұл іс жабылған болатын.

    Араға уақыт салып, мәне, баламның басна тағыда қара бұлт үйірілді.

    Сотталушы кінәні мойындамаса да, туыстары істің анық-қанығын анықтап, баласының кәнісіз екендігін дәлелдеп берсе де, сот Бағлан Ереханұлын әлі күнге тергеу бөлімінде ұстап отыр. Ендігі Бағланның туыстарының алаңдаушылығы, енідігі болатын сотта ұлдарының тағдыры шешілмек. Яғни, шешуші сот болмақ. Ал егер сотталып кеткен жағдайда Бағлан Ереханұлы бас бостандығынан айырылып қана қоймай, мемлекеттік лауазымды қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айырылып, мемлекеттік қызметте, судья қызметін, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкінде және олардың ведомстволарында, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органда, мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқаруға өмір бойына тиым салады. Баласы үшін шыр-көбелек жүгірген әкенің айтар уәжі бір ғана. Сот ісі адал жүргізіліп, баласына әділ шешім қабылданса екен дейді. Сондай-ақ сот пен антикор қызметкерлерінің осындай істеріне Президент Тоқаев пен жауапты адамдар тоқтау салса екен деген лажы бар.

    қатысты посттар

    Елімізде жынысын ауыстырғысы келетіндер көбейіп барады

    Фариза

    Арыстағы жағдай біраз шенеуніктің бетпердесін шешті… — Айгүл Орынбек

    Желіде полицейлердің түрмеде сотталғандармен бірге түстеніп отырған суреті жарияланды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    three × 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.