7 C
Алматы
Суббота, 19 апреля 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Шымкент қаласында жаңажылдық безендіруге бюджеттен 35 млн теңге жұмсалмақ

    Шымкент қаласы әкімдігі Жаңа жыл мерекесіне орай дайындықты бастап кетті. Мемлекеттік сатып алулары ресурсында оңтүстіктегі шаһарды эстетикалық безендіруге 35 миллионнан астам теңге жұмсалатыны жазылған, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy порталына сілтеме жасап.

    Сайттағы ақпарат бойынша, лоттың тапсырыс берушісі – Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы.

    Қызметтің атауына қатысты бағанда «Шымкент қаласын 2020 жылға арналған эстетикалық және мерекелік безендіру бойынша қызметтер» деп көрсетілген. Лоттың жалпы құны – 35 265 178 теңге.

    Мемлекеттік сатып алу қосымша тапсырыс болғандықтан, оны 2020 жылдың соңына дейін жұмсау жоспарланып отыр. Лот бойынша байқау 14 желтоқсанда аяқталады.

    қатысты посттар

    Қазақстанда 159 мың теңге жәрдемақыға үміткер бір ғана отбасы бар

    Фариза

    Ток өшуіне қарғаны кінәлаған әкім Қазнетте мемге айналды

    Фариза

    Тоқаев Ұлттық құрылтай құруды ұсынды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    3 × 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.