-10.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    14 желтоқсаннан бастап аймақтар карантинге жабылып, блок-бекеттер қойыла ма?

    Қазнетте 14 желтоқсаннан бастап аймақтарда жаппай карантин енгізіліп, блок-бекеттер қойылатыны жайлы ақпарат тарады. Хабарламада Үкімет басшысының атынан облыс әкімдеріне жолданған құжаттың фотосуреті түрінде ұсынылған. Алайда, ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Azattyq-ruhy.kz порталына сілтеме жасап.

    «Бұл хабарлама шындыққа жанаспайды, құжаттың фотосуреті – фейк. Қазақстанның аймақтары мен қалаларында блокбекеттер орнатып, 14 желтоқсаннан бастап қозғалысты шектей отырып, қатаң локдаун енгізу жоспарда жоқ. Қазақстандықтарды ресми дереккөздерден алынған ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз», – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

    Еске сала кетейік, Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының 10 желтоқсандағы мәліметі бойынша, қазір коронавирустың таралу қаупі бойынша «қызыл» аймаққа Нұр-Сұлтан мен Павлодар облысы енген.

    «Сары» аймақта: Шығыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары және Алматы қаласы тұр. Қалған өңірлердің бәрі «жасыл» аймақта орналасқан.

    қатысты посттар

    Текеліге блок-бекеттер қайта қойылатын болды

    Фариза

    Арал: «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарлама аясындағы жұмыстар басты назарда

    Фариза

    Арон Атабек қайтыс болды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    sixteen − seven =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.