-13.1 C
Алматы
Вторник, 24 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    14 желтоқсаннан бастап аймақтар карантинге жабылып, блок-бекеттер қойыла ма?

    Қазнетте 14 желтоқсаннан бастап аймақтарда жаппай карантин енгізіліп, блок-бекеттер қойылатыны жайлы ақпарат тарады. Хабарламада Үкімет басшысының атынан облыс әкімдеріне жолданған құжаттың фотосуреті түрінде ұсынылған. Алайда, ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Azattyq-ruhy.kz порталына сілтеме жасап.

    «Бұл хабарлама шындыққа жанаспайды, құжаттың фотосуреті – фейк. Қазақстанның аймақтары мен қалаларында блокбекеттер орнатып, 14 желтоқсаннан бастап қозғалысты шектей отырып, қатаң локдаун енгізу жоспарда жоқ. Қазақстандықтарды ресми дереккөздерден алынған ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз», – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

    Еске сала кетейік, Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының 10 желтоқсандағы мәліметі бойынша, қазір коронавирустың таралу қаупі бойынша «қызыл» аймаққа Нұр-Сұлтан мен Павлодар облысы енген.

    «Сары» аймақта: Шығыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары және Алматы қаласы тұр. Қалған өңірлердің бәрі «жасыл» аймақта орналасқан.

    қатысты посттар

    Қазақстан азаматтары үшін жерді атадан балаға мұра ғып қалдыру ұсынылды

    Фариза

    «Билік заңға құлақ аспады»Атамбаев мәлімдеме жасады

    Қызылорда облысының әкімі өңірлік екінші деңгейдегі банктер мен қаржы ұйымдарының басшыларымен кездесті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eighteen + 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.