Қарағанды облысындағы 8 жастағы баланы өзінен бір жас кіші қатарластары зорлаған болуы мүмкін. Бұл туралы жәбірленушінің туысқаны айтып берді. Бастауыш сынып оқушысының соңғы күндері көңілі құлазып, еш нәрсеге қызығушылығы қалмаған. Тіпті анасына ұятты жерін жуғызудан қашқақтайтын болған. Ал жергілікті полиция департаменті мен білім басқармасы зорлық фактісін жоққа шығарып отыр, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.
Қарағанды облысында 8 жастағы баланы төртінші сынып оқушылары зорлаған. Онысымен қоймай жан түршігерлік әрекеттерін камераға түсіріп, бейәдеп видеолар қарауға мәжбүрлеген. Осындай сұмдық ақпарат өткен демалыс күндері әлеуметтік желіде жарияланды. Өңірлік білім басқармасы зорлық фактісін жоққа шығарып отыр. Бірақ камераға қандай да бір ақпарат беруден бас тартты.
Жәбірленушінің анасы зорлық фактісін жоққа шығарып отырған жоқ. Ол аздай, Білім басқармасы да бір жағынан қысым көрсетіп жатқан көрінеді. Мұндай сұмдық жайттарды мектептің аумағынан шығарғылары келмейді, әрине.
Жәбірленушіні әкесі психологиялық сараптамаға алып кеткен. Ал қарт анасының денсаулығы сыр беріп, ауруханада жатқандықтан тілдесуге мүмкіндік болмады.
Байланысқа шыққан туысқандарының бірі оқиғаға қатысты сұмдық жайттардың бетін ашты.
Жәбірленушінің туысы:
Баланы соңғы күндері анасы жуындырып жүрген. Ұятты жерлерін жуғызбай, қашқақтайтын көрінеді. Үнемі еңсесі түсіп жүреді, тіпті сыртқа шығудан қалған. Ештеңе де қызық емес. Оқиға сабақ уақытында емес, далада ойнап жүргенде болған. Қорқытып, ағаштардың арасына сүйреп алып кеткен. Біз үлкен балалар деп ойладық. Белгілі болғандай, өзінен бір жас кіші екі ұл бала. Екеуі күш көрсеткен.
Ең қорқыныштысы, бұл мектеп жасындағыларға қатысты жалғыз жайт емес. Шымкентте 12 жастағы бала 4 пен 8 жас шамасындағы бес баланы екі ай бойы зорлап келген. Ал Түркістанда үш жасөспірім 14 жастағы баланы қорлаған. Арада екі жыл өтсе де жәбірленушінің анасы әділдікке жете алмай келеді. Сот кәнәлі екеуді ақтап алыпты.
Сәуле, жәбірленушінің анасы:
Сот шешімі алқа билердің шешімімімен ақталып отыр. Мен әділдік іздеп келдім осы қалаға. Сотқа мен ешқандай келіспеймін.
Баланың жүйкесі зақымданған. Үлкен дәретін ұстай алмайды. Ашылып ештеңе айтпайды, үнемі күйзеліс үстінде. Қатарластары келеке қылған соң Түркістаннан Нұр-Сұлтанға көшіп келіпті. Ал Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, биыл кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты қылмыс саны артқан.
Дилбар Төлегенова, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті өкілі:
Кәмелетке толмағандар ересек ер адамдармен жыныстық қатынасқа өзара келісім бойынша түскенін атап өткен жөн. Бұл қылмыстардың 40% жуығы 16 жасқа толмағандармен жыныстық қатынас, оның 146-сы немесе 50 пайызы полиция денсаулық сақтау органдарымен жұмыс істеу барысында анықтаған. Ағымдағы жылы кәмелетке толмағандарға қатысты 821 қылмыс тіркеліпті. Осылайша өткен жылдармен салыстырғандағы өсім 4 пайызды құраған. Ал Қарағандыдағы зорлық фактісін арнамыз одан әрі бақылауда ұстайтын болады.