-3.1 C
Алматы
Понедельник, 18 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Жанболат Ағаділ өлімін тергеу «түсініксіз» жүргізіліп жатыр

    Жанболат Ағаділдің өліміне байланысты қозғалған қылмыстық істер бойынша күдікті деп танылған екі жігіттің туыстары мен адвокаттары «тергеудегі заңсыздықтар» туралы айтты. Адвокаттың бірі тергеу сотына арыз түсірді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Азаттық радиосына сілтеме жасап.

    «Адам өлтіру» бабы бойынша күдікке ілінген Өміржан Рахметтің адвокаты Жандос Тұяқовтың сөзіне қарағанда, қазіргі кезде күдіктінің анасы ұлымен кездесе алмай отыр.

    — Олар (полиция — ред.) Өміржанның анасымен кездесемін деген хаты болуы тиіс деген. Біз оны түсірдік. Бірақ әлі кездестіртпей отыр, — дейді Жандос Тұяқов 26 қарашада Азаттық тілшісіне.

    Осыған дейін «Жанболат Ағаділді пышақтағанын мойындаған» күдікті Өміржан Рахмет полицияның «өзін алдап, мойындату видеосын түсіріп алғанын» мәлімдеген еді. Адвокаты бірнеше күн бұрын бұл видеоға байланысты прокуратураға шағым түсірген.

    — Қазіргі кезде Өміржан Рахметтің кінәсін тікелей дәлелдейтін нақты айғақтар жоқ. Кейбір мәселелерге келсек, тек айыпталушылар сөзіне ғана негізделген. «Міне, пышақ салғанын мен көрдім, осылай салды деп айтқан бірде-бір адам жоқ» — деді Жандос Тұяқов.

    Ол алдағы уақытта «тергеудегі заңсыздықтарға» байланысты арыз түсіретінін айтты.

    Көкталдағы төбелеске байланысты «Бұзақылық» бабы бойынша күдікке ілінген Мадияр Сыдықтың адвокаты Нұржан Қангелдиев 25 қарашада кешке қарай Нұр-Сұлтанның мамандандырылған ауданаралық тергеу сотына «тергеу кезіндегі заңсыздықтар» жайлы шағым түсірген. Сот үш күн ішінде шағымды қарап, жауабын беруі тиіс.

    — Ол жерде заңсыз әрекеттерді: полиция мекемесіне кіргізіп, адвокатсыз жауап алғаны, 24 сағат тамақ бермей ұстап, психологиялық қысым көрсеткендігі жайлы жазылған. Оған «мойындамасаң, түрмеге қамалуың мүмкін, ойлан» деп айтқан. Бірақ енді бұл дәлелденген жоқ. Енді қаралады. Шағымда Мадиярдың өзі жазды, мен адвокаты ретінде жібердім. Ол шағымда «басында екі рет жауап алды, үшіншісінде жауабымды өзгертуге мәжбүр болдым» деп көрсеткен, — дейді Нұржан Қангелдиев Азаттық тілшісіне.

    Оның сөзіне қарағанда Мадияр Сыдыққа бастапқыда қорғануға құқығы бар куәгер статусы берілген, 24-інде күдікті статусына ауыстырылған.

    Мадиярдың Сыдықтың анасы Шынар Дүрлібаева «тергеудегі заңсыздықтарға қарсылық ретінде» 25 қарашада аштық жариялап, кейіннен денсаулығына байланысты аштығын тоқтатуға мәжбүр болған. Өміржан Рахметтің анасы полицияның ұлын көрсетпей отырғанына шағымданады.

    Азаттық тілшісі 26 қарашада Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне бірнеше рет хабарласып көрді, бірақ жауап ала алмады. Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз «барлық сұрақты баспасөз қызметіне қойыңыз» деді. Ал министрліктің баспасөз қызметі жауап бермеді.

    11 қарашаға қараған түні Нұр-Сұлтан маңындағы ықшам ауданда азаматтық белсенді, марқұм Дулат Ағаділдің ұлы Жанболат Ағаділ төбелес кезінде пышақ жарақатын алып, мерт болған. Полиция оқиғаға байланысты «Адам өлтіру» және «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған.

    12 қарашада ІІМ «төбелеске қатысқандардың барлығы, негізгі үш күдікті де» ұсталды деп мәлімдеді. Сол күні ішкі істер министрлігінің тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов «іс бойынша жиналған дәлелдердің көмегімен күдіктілердің кінәсі дәлелденді»деп айтқан.

    ІІМ өкілі «төбелеске қатысқан үш адам, арасында адам өлтірді деп күдікке ілінгені де бар, Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің уақытша қамау изоляторына қамалды» деген еді.

    Төбелестің нақты неден шыққаны айтылмайды. Осыған дейін Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбе және өзге қалаларда белсенділер Жанболат Ағаділ мен әкесі азаматтық белсенді Дулат Ағаділдің өлімін ашық тергеуді талап еткен.

    қатысты посттар

    «Назарбаев президенттікке бірнеше кандидатты қарастырған…» — Тоқаев

    Депутаттар Тоқаевты қолдамады

    Фариза

    «Әнуар Нұрпеисов Шри-Ланкаға екі апта бұрын ғана жолға шыққан»

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eight − five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.