-13.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Ақтауда үйі тінтілген белсенділердің екеуі 48 сағатқа қамауға алынды

    Ақтауда полиция «тыйым салынған ұйымның жұмысына араласты» деп күдікке ілінген екі белсендіні уақытша қамау изоляторына 48 cағатқа қамады. Бұл туралы Азаттыққа белсенділердің туыстары жеткізді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Азаттық радиосына сілтеме жасап.

    Ақпарат бойынша, бейсенбі күні кешкі сағат 9-дар шамасында Ақтау қаласында белсенділер Абзал Қаналиев пен Айжан Исмакова қамауға алынған. Туыстары Айжан Исмакованың екі жастағы сәбиінің барлығына да қарамағанын айтады. Абзал Қаналиевтің мүгедектігі бар.

    — Оларды әлеуметтік желідегі белсенділігі үшін айыптап отыр. Алайда ой-пікірлерін білдіруге әркімнің де құқығы бар. «Тыйым салынған ұйымның жұмысына қатысты» деген айыпты тағу үшін олар жарна төлеп, мүше болып, сол ұйымға араласуы керек. Мұның түбінде алда келе жатқан 16-17 желтоқсанда (Тәуелсіздік күні және Жаңаөзен оқиғасына 9 жыл) ешкім ешқайда шықпасын, сайлауға бармасын деген ниет жатыр деп ойлаймын. Қамап тастаса, олар ешқайда шыға алмайды, — дейді адвокат Айгүл Айжарықова.

    Осыдан бірнеше күн бұрын полиция Ақтауда белсенділер Абзал Каналиев, Айжан Исмакова, Оразғали Назаров, Болат Нұрғазин, Талғат Ахметов, ерлі-зайыпты Нұрберген Әлиханов пен Ләззат Асықбаева, Ұлболсын Тұрдиева, Шолпан Жанұзақованың үйін тінтіп, бірқатар гаджеттерін тәркілеген. Кейінірек Жаңаөзен тұрғындары Шолпан Өтекеева мен Жеңіс Әкімов, бейнеулік Ерғали Қайыпназар мен Мерей Құрбақовтың да үйіне тінту жасалғаны белгілі болды. Олардың адвокаты Айгүл Айжарықованың айтуынша, белсенділерді алдымен әлдебір қылмыстық іске «куә» деп танып, кейін оларды «күдіктілер» қатарына ауыстырған.

    Телефон, компьютерлерін алып кеткен белсенділердің туыстары балаларының қазір сабақ оқи алмай отырғанын айтады. Гаджеттердің тәркіленуі туралы акті де берілмеген.

    Жаңаөзендік Шолпан Өтекеева полицейлердің үйінен компьютері мен Қазақстан туы және Қазақстанның бұрынғы гимні жазылған парақшаны тәркілеп алып кеткенін айтады.

    Маңғыстау облыстық ішкі істер департменті өкілдері Абзал Қаналиевтің қамауда отырғанын растады. Ал Айжан Исмакова туралы сауал жолдауды сұрады.

    Осыған ұқсас тінту 14 қарашада Шымкентте де болған. «Тыйым салынған ұйым ісіне араласты» деп күдікке ілінген белсенділер Нұржан Әбілдаев, Мұрат Аштаев, Ерлан Файзуллаевтың үйлерін полиция тінткен. Тергеу сотының қаулысында белсенділердің сотпен қызметіне тыйым салынған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» (ҚДТ) қозғалысы мен «Көше» партиясын қолдағаны жазылған.

    Қазақстанда сот шешімімен «экстремистік» деп танылған ҚДТ-ны Еуропарламент «бейбіт оппозициялық қозғалыс» деп атаған. Құқық қорғаушылар ҚДТ-ға байланысты шыққан сот шешімдерінің қисынды екеніне күмән келтіреді. Соңғы бірнеше жылда «ҚДТ-мен байланысы үшін» ондаған белсенді қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

    20 қарашада Шымкентте «ҚДТ ісіне араласты» деп күдікке ілінген белсенді Мұрат Байдәулетовке сот үкімі оқылады.

    қатысты посттар

    «Неге сіз әншілердің шаруасына араласасыз?» Мейрамбек Беспаев депутат Балиеваның қысым көрсетіп жатқанын мәлімдеді

    «Жаман үйді қонағы билейді» Алматыда Барахолка маңында қазаққа мүлде қатысы жоқ Дүнген батырының атына берілген көше бар екенін білесіз бе?

    Фариза

    Ірі көлемде алаяқтық жасады: Алматы облысы әкімінің орынбасарына қатысты жаңа дерек шықты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eleven + 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.