-0.1 C
Алматы
Пятница, 27 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Ресей думасы Путинді өмір бойы «қылмыстық қудалаудан құтқаратын» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

    Ресей парламентінің төменгі палатасы – мемлекеттік дума бұрынғы президенттің жеке басына тиіспеуге кепілдік беретін заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Азаттық радиосына сілтеме жасап.

    Құжат биыл жазда референдум арқылы қабылданған Конституцияға енгізілген өзгерістер негізінде әзірленген. Жаңа түзетулер президент Владимир Путинге 2036 жылға дейін билікте қалуға мүмкіндік береді.

    Заң жобасы бұрынғы мемлекет басшысы мен оның отбасын қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартуға тыйым салуды қарастырады. Құжат бойынша, оларды ұстауға, қамауға алуға, тінтуге, тергеуге де болмайды. Тек «мемлекетке опасыздықтық жасады» деп күдікке ілінген бұрынғы басшылар мемлекеттік дума, жоғарғы сот, конституциялық соттың мақұлдауымен жазаға тартылуы мүмкін.

    Қазіргі заңға сәйкес, президент құзырет мерзімі аяқталғанша қызмет барысында жасаған істері үшін қылмыстық не әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды.

    Сейсенбі күні мемлекеттік дума сонымен бірге бұрынғы президентке өмір бойы сенатор болуға рұқсат беретін заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдаған. Бұл қызметке келген адам да қылмыстық қудалаудан құтқаратын иммунитетке ие болады.

    Мемлекеттік думада үшінші оқылымнан өткеннен кейін құжат федералдық кеңеске жөнелтіледі, одан әрі қарай Путинге қол қоюға жіберіледі.

    Ресейде 2008-2012 жылдар аралығында мемлекет басқарған Дмитрий Медведев қана бұрынғы президент мәртебесіне ие.

    Сарапшылар жоғарыда аталған заң жобаларын Путинді қорғауға бағытталған құжаттар пакеті ретінде бағалайды.

    қатысты посттар

    Алаш арыстарының сүйегін жергілікті билік 31 мамырды күтпестен жерлеп тастады

    “Олар «Бер, бер» дей береді…” — Министр көпбалалы аналар жайлы айтты

    Тоқаев биліктің кімге мұраға қалатынын айтты

    Пікір қалдыру

    eighteen − 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.