Понедельник, 28 апреля 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Министр олжалық аң аулауды дамытуды ұсынды (ВИДЕО)

    Бүгін Мәжілісте туристік заңнамаға өзгеріс енгізу бойынша баяндама жасаған ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова ел экономикасына кіріс түсіру мақсатында олжалық аң аулауды дамытуды ұсынды деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Dalainform порталына сілтеме жасап.

    «Әлемдік тәжірибе кәрі жануарларды жоюдың ғылыми негізделген лимиті популяцияға депрессиялық әсер етпейтінін, ал кейбір жағдайларда оның өнімділігін арттыратындығын дәлелдеді«, – деп түсіндірді министр.

    Оның сөзінше, Қазақстанда көптеген сирек кездесетін түрлер популяциясының қазіргі жағдайы тұрақтанды және аң аулау мақсатында қартайған жануарларды тұрақты пайдалануға болады.

    Дегенмен ашық дереккөздегі ақпаратқа қарасақ, браконьерлік тыйылмай тұрған елімізде қуысмүйізділерден қарақұйрық, ақбөкен, таутеке, арқар мекендейді. Кейбір түрлері жыл санап азайып, Қызыл кітапқа енген.

    Осы орайда, қазақтандықтарды, жол талғамайтын көлікте көздеріне түскен қарақұйрықтарды автоматпен түгел қырып салған бейнежазба шошытты. Дегенмен, «Маңғыстау облысында арабтардың аң аулауы» деп берілген роликтің осы жылдың басында Сауд Арабиясында түсіріліп, ол жақта да қатты наразылық тудырғаны белгілі болды.

    қатысты посттар

    Қызылордада сыбайлас жемқорлық деректері 32 процентке азайған

    Фариза

    Таразда қалалық сот ғимаратын жармақ болғандар ұсталды

    Фариза

    Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ел Үміті» бастамасы пандемияға қарамастан сәтті жүзеге асырылуда.

    Фариза

    Пікір қалдыру

    13 − 7 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.