-7.1 C
Алматы
Среда, 25 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Қызылордада 602 көп балалы отбасына кәсіп ашуға қайтарымсыз грант берілген

    Қызылорда облысында жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,9% болса, оның ішінде әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі – 5,0% құрап отыр.

    «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында көп балалы отбасыларға жұмыс істеуге барынша қолдаулар көрсетілуде. Яғни, сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді оқулар ұйымдастырылып, үйден әлеуметтік жұмыс орындарын ашуға яғни, тігін тігу, нан пісіру және т.б қызметтер үшін қайтарымсыз гранттар берілуде. Мәселен, бүгінгі күнге «Еңбек» бағдарламасына 17 155 әйел енгізілген (61,3%), оның 19%-ы көпбалалы отбасылардың үлесінде. Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып қысқа мерзімді оқыту курстарына 877, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 1242 әйел азаматтар жолданды. Бұл оқу курстары тегін және оладың жол шығыны, жатын орнына материалдық көмек мәселелері де қаралған», – дейді Райкүл Байназарова.

    Атап өту керек жыл басынан өңірде 287 нәзік жандылар шағын несие алған. Қосымша 680 жаңа жұмыс орындары ашылды. 602 – көп балалы отбасыларға жаңа бизнес–идеяларды іске асырып, өз кәсіптерін ашуға мемлекеттік қайтарымсыз гранттар берілген.

    Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Мейрамбек Әбдікаримовтың айтуынша аталған бағдарламалар аясында ұйымдастырлған жұмыспен қамту шаралары аясында 533 әйел әлеуметтік жұмыс орындарына, 2701 әйел жастар тәжірибесіне, 6382 әйел қоғамдық жұмыстарға жолданған. Сонымен қатар, әйел азаматтарды, аналарды 4 сағаттық толық емес, икемді жұмыс күні мүмкіндігімен жұмысқа орналастыру немесе үйде отырып жеке ісін ашу мәселелері жеке қарастырылуда.

     

    қатысты посттар

    Қызылорда: Аймақ басшысына балық шаруашылығын дамыту жөніндегі өңірлік бағдарлама таныстырылды

    Фариза

    Қызылорда облысына 161 мың тонна көмір келді

    Фариза

    Гүлшара Әбдіқалықова бірқатар медициналық мекемелерге 44 жаңа санитарлық жедел жәрдем көліктерін табыстады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    18 − eleven =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.