-10.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Қызылордада 896 медицина қызметкері үстемақы алды

    Қызылорда облысында 896 медицина қызметкеріне қазан айында үстемақы бөлінді.

    Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалында хабарлағандай, қазан айының қорытындысы бойынша эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысқаны үшін еңбекақыға аймақтың 896 медицина қызметкеріне болжамды жалпы сомасы 124 207,2 мың теңге үстемеақы бөлінді.

    1 тәуекел тобы 30 117,9 мың теңге – 90 медицина қызметкеріне;

    2 тәуекел тобы 41 057,5 мың теңге 279 медицина қызметкерлеріне;

    3 тәуекел тобы 53 031,8 мың теңге – 527 медицина қызметкерлеріне;

    Наурыз-қыркүйек айларында COVID-19 коронавирусының және (немесе) коронавирусымен науқастарды емдеудің алдын-алу шараларын жүзеге асырудағы ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша төлемдер сомасы 13 361 қызметкерге 2 574 885 370 теңге көлемінде төленді.

    Инфекциямен қауіпті жағдайда жұмыс істеуге тартылған медицина қызметкерлерінің саны эпидемиологиялық жағдайға байланысты ай сайын өзгеріп отырады.

    Наурыз айында 520 медицина қызметкеріне қосымша 66 779,4 мың теңгеге төленді.

    Жалпы, өңірдің медициналық қызметкерлерге үстемеақыларға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан 3 млрд.теңгеден астам қаражат бөлінді.

    Еске сала кетейік, Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында COVID-19-ға қарсы күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуге тартылған Денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлеріне осы жылдың екінші жарты жылдығы үшін ынталандыру үстемеақыларын төлеуге 150 млрд.теңге бөлуді көздеу тапсырмасы берілді.

    Тәуекел тобына қарай медицина қызметкерлері 212 мың теңгеден, яғни 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде 850 мың теңгеге дейін қосымша ақы алады.

    «Қор пандемияның күрделі жағдайында алдыңғы қатарда тұрған әріптестерімізге үстемеақыны уақтылы және жедел төлеу бойынша өз жұмысын жалғастырады», – деп атап өтті Қор филиалында.

    қатысты посттар

    Электр қуатын үнемдеудің тиімді жолын тапты

    ШЫМКЕНТ: Қала әкімі спорт нысандарын аралады

    Фариза

    Шымкентте 6 500-ге жуық түлек ҰБТ тапсырды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    one × 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.