-4.1 C
Алматы
Понедельник, 18 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Қызылордада жем-шөпке кететін шығын жергілікті бюджеттен субсидияланатын болды

    Қызылордада жем-шөпке кететін шығын жергілікті бюджеттен субсидияланатын болды. Бұл туралы Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының Агроөнеркәсіптік кешен бөлімінің бастығы Жасұлан Серіков мәлімдеді.

    «Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығы секторын қолдауға арналған субсидиялар жеткілікті. Ережесін шығаратын Ауыл шаруашылығы министрлігі. Соның бірі мал шаруашылығын қолдауға арналған субсидия ережесі. Осы жылдың шілде айында өзгерістер енгізілді. Тамыз айында әр облыс өз деңгейінде қаулылар қабылдап, қыркүйектен бастап қаулыға сай жұмыс жасауда. Ереже талабында айтарлықтай өзгеріс жоқ. Дегенмен, енгізілген өзгерістегі жақсы жаңалық – малды өсіруге кететін шығындардың бірі жем-шөбіне, яғни азыққа кететін қаржыны субсидиялау. Егер де бір кәсіпкерде елу бастан асатын ірі қара мал болса, оның әр басына жем-шөбі үшін жергілікті бюджеттен 30 мың теңге субсидия төленетін болды. Кәсіпкердің кемінде 300 бас қойы болса, әр қойға азығы үшін 5 мың теңге субсидия қаралған. Бұл өте жақсы қолдау. Бірақ проблемасы да бар. Субсидияның бұл түрі жергілікті бюджетте ақша болса ғана беріледі, яғни республикалық бюджеттен аталмыш мақсатқа ақша бөлінбейді. Сондықтан әр облыс өзінің мүмкіндігі аясында ғана шешім қабылдайды. Ең басты мақсатымыз – кәсіпкерлерге бұл ақпаратты жеткізу. Қолдау тетіктерінің бар екендігі жөнінде хабардар болғанын қалаймыз. Аталған субсидияны алу үшін тек мал басына қатысты талапты сақтаса жеткілікті. Бұл талаптан өзге әр малда радио толқынды биркалар – шаруалардың тілімен айтсақ «сырғалар» болуы керек. Бұрын да ол сырғалар болды. Ол биркаларда компьютермен жазылған саны ғана тұратын, бірақ олар сканерленбейді. Қазіргі Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірлеген ереже талабына сай әр малда RFID системасы бар биркалар болуы қажет. Сол кезде ғана жем-шөпке арналған субсидияны ала алады», – дейді Жасұлан Серіков.

    қатысты посттар

    Шуда 7 553 гектарға су үнемдеу технологиялары енгізілген

    Фариза

    Шымкентте дыбыс күшейткіш құралы арқылы сақтық шаралары түсіндірілуде

    Фариза

    Шымкент: 108 мыңға жуық адам атаулы әлеуметтік көмек алды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twenty − fifteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.