-13.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    «Мені митингіге жібермес үшін ұстады». Алматыда Бапи соты өтпеді, әкімшілік іс тоқтатылды

    16 қараша таңертең Алматы қаласының әкімшілік сотында демалыс күндері митинг қарсаңында ұсталып, үстінен «әкімшілік іс қозғалды» делінген «ДАТ» жобасының жетекшісі, журналист Ермұрат Бапидің соты өтуі тиіс еді. Алайда таңертеңгі сағат 10-да сотқа барған Бапи істің тоқтатылғанын сол жерде ғана білген. Оның сөзіне қарағанда, сот отырысының басталуына аз уақыт қалғанда Медеу аудандық полиция басқармасының өкілі келіп «аға, қайта беріңіз, соттамаймыз, іс тоқтатылды» деген. Істің тоқтатылу себебін де түсіндірмеген, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Азаттық радиосына сілтеме жасап.

    — Сенбі күні мені ұстаған кезде «митингіге жібермес үшін ұстады» деген болжам болған. Бірақ олай айтуға көзім жетпегендіктен айтпаған едім. Енді менің үстімнен қалаған уақытта іс қозғап, қалаған уақытта тоқтатқаннан кейін оған 100 пайыз көзім жетті. Осыған дейінгі митингіде елде «Назарбаев кетпей, реформа болады деп үміттенбей-ақ қойыңдар» деп айтқан едім. Мамайдың митингісінде соны жалғастырады деп ойласа керек, — деді Ермұрат Бапи Азаттық тілшісіне.

    Елдегі санаулы оппозициялық басылымдардың бірінің жетекшісі Ермұрат Бапи 14 қарашада Алматыда саяси реформаны талап еткен митингіге санаулы сағат қалғанда ұсталған еді. Ол кезде журналистің үстінен Әкімшілік кодекстің 488-бабы бойынша («Бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзу») іс қозғалғаны хабарланды. Журналистің өзі «Жанболат Ағаділдің жаназасына Алматы қаласынан онлайн қатысқаным үшін жауапқа тартпақшы» деп мәлімдеген. Оны сол күні бірнеше сағаттан кейін босатқан, бірақ ол митингіге қатыса алмай қалған еді.

    Азаттық тілшісі әзірге полициядан жауап ала алмады.

    Ал Бапи соттан істің тоқтатылу себебін түсіндіруді талап ететінін айтты.

    14 қарашада Алматы қаласындағы Шоқан Уәлиханов ескерткіші алдында демократиялық партия құру жөніндегі бастамашыл топтың жетекшісі Жанболат Мамай мен Украинада тұратын журналист, «Бәсе» каналының авторы Айдос Садықов шақырған митинг өткен. Билік митинг өткізуге рұқсат еткенімен, оған қатысамын деген бірқатар азаматтарға кедергі келтірген. Митинг қарсаңында Алматыға митингіге қатысу үшін аттанғалы отырған Жаңаөзен белсенділерін полиция ұстап, жолға шығуына мүмкіндік бермеген.

    қатысты посттар

    Жәрмеңке: Қызылордалықтар елорда тұрғындарына 360 тоннаға жуық өнім ұсынуда

    Фариза

    «Шелекке бөлек, садақаға бөлек төлейсің»: Журналист Түркістандағы әулиелердің басы бизнеске айналғанын айтты

    Фариза

    Карантин жеңілдетілді: мейрамханаларға 50 адамға дейін жиналуға рұқсат етілді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 × five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.