23 C
Алматы
Жексенбі, 19 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Қызылорда облысында карантин жеңілдетілді

    Қызылорда облысында соңғы аптада коронавирус инфекциясы тіркелмеді. Бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, карантин шараларын жеңілдету туралы шешім қабылданды.

    Осылайша, 300 оқушыға дейінгі шағын жинақты мектептерде, ата-аналардың қалауы бойынша қарапайым мектептердегі кезекші сыныптарда 1-ден 5-ке дейінгі және халықаралық мектептерде 1-ден 7-сыныпқа дейінгі оқушыларға дәстүрлі форматта оқуға рұқсат етілді. Алайда сыныптағы баланың саны 15-тен аспауы тиіс.

    Сондай-ақ театрларға залды 50%-ке дейін толтырып, бірақ 100 адамнан асырмай жұмыс істеуге рұқсат берілді.

    Діни орындарда залды 30%-ке дейін толтырып, бірақ 100 адамнан асырмай құлшылық жасауға болады (жұма намазын қоспағанда).

    Пандемия басталғаннан бері Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған 3262 науқас анықталды.

    қатысты посттар

    Шымкент: цитадельдегі әрлеу жұмыстары аяқталуға жақын

    Фариза

    Жамбыл облысы бойынша сағат 12.00-ге сайлаушылардың дауыс беруге келуі туралы

    Фариза

    Шымкент: Қос өкпесі қабынған жүкті әйел жазылып келеді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    nineteen − seventeen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.