23 C
Алматы
Жексенбі, 19 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Қызылорда облысына 161 мың тонна көмір келді

    Биылғы жылу маусымына Қызылорда облысының тұрғындарына 163,6 мың тонна көмір отыны қажет. Қазір соның 161,2 мың тоннасы келді. Тұрғындар мен әлеуметтік нысандарға көмір отынын сақтап, өткізетін 30 жинақтау қоймасы бар. Бесеуі Қызылорда қаласында, қалғаны аудандарда.

    Аймақта жылу 10-шы қазаннан бастап берілді. 1185 әлеуметтік нысан және 800-ге жуық тұрғын үй орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған.

    «Орталықтандырылған жүйеге қосылған әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерді жылытуға 39,5 мың тонна қатты және 26 мың тонна сұйық отын қажет. Бұл тұрғыдан ешқандай мәселе жоқ. Ал көмір тасымалдаушы мекемелермен келісім жасалған. Барлығы кестеге сәйкес жеткізіліп жатыр», – дейді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жаңабаев.

    Облыста 111 256 абонемент және 2 403 коммуналдық кәсіпорын көгілдір отын пайдаланады. Сала мамандары қауіпсіздік шарасына аса мән беруді ескертті.

    қатысты посттар

    Қызылордада смартфонға арналған аудиогид қосымшасы құрастырылды

    Фариза

    Құрбан айт – барша мұсылманның ұлттық мейрамы

    Қордайда екі мектеп, бірнеше баспана ел игілігіне берілді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    19 + eighteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.