-1.1 C
Алматы
Суббота, 9 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    «Жауым емес» Жанболат Ағаділді өлтіріп алған жігіт кешірім сұрады

    Желіде Жанболат Ағаділді өлтіріп алғанын мойындаған жас жігіттің видеосы тарауда, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    Видеода ол Астанаға бір жыл бұрын жұмыс істеу үшін келгенін айтады.

    «Дос балалар шақырды. Біреуді ұрып-соғу немесе өлтіру деген менде жаман ниет болған жоқ. Төбелес басталып кетті, сол кезде мен пышақ жұмсап қойдым. Жанболат Ағаділге. Оның атын енді біліп жатырмын, әйтпесе оларды танымаймын да ғой. Жауым емес, қасым емес. Бұрын көрген адамым емес. Қашып бара жатып, құтылу үшін байқаусызда пышақ жұмсадым. Жанболат Ағаәділдің әке-шешесінен, туған-туыстарын кешірім сұраймын», — дейді ол.

    Айта кетсек, 12 қарашада кәмелетке толмаған Жанболат Ағаділді ұрып-соғып, өлтірді деген күдіктілер қамауға алындғанын тергеу басқармасының бастығы Санжар Әділов хабарлаған болатын. 10 қарашада сағат 22.56-да 102 шұғыл байланыс желісіне Көктал ықшамауданының Болашақ көшесінде болып жатқан жаппай төбелес туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері жастар арасында өзара жанжал болып, оның арты төбелеске ұласқандығын анықтады. Нәтижесінде екі адам жарақат алды. Олардың бірі — 17 жастағы Ж.Ағаділовке пышақ салынған, ол жедел жәрдем келген кезде қайтыс болды.

    қатысты посттар

    «Министрлікке не істеу керек? » Білім министрі сын көтермей тұрған оқулықтарға байланысты мәлімдеме жасады

    Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті

    Фариза

    Президент бірқатар адамға шен мен атақ берді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    10 − four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.