-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Қызылорда облысында 244 өкпені жасанды желдету аппараты бар

    Бүгінде Қызылорда облысындағы жедел жәрдем қызметіне 42 дана санитариялық автокөлік кілті табысталды. Облыстық медициналық жедел жәрдем стансасы еліміздегі Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының бағалау рейтингі бойынша алдыңғы қатарда тұр. Алыс елді-мекендердің халқы сапалы және дер кезінде жедел медициналық көмектің қолжетімділігін анық сезінуде.

    «Республикалық маңызы бар трассалардағы жол-көлік оқиғасында зардап шеккен жолаушыларға алғашқы көмек көрсетіп келеміз. Оны дер кезінде орындауда санитарлық автокөліктердің техникалық жағдайы әсер ететіні сөзсіз», – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазылов.

    Бүгінде аймақта коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 3264-ке жетті. Ал індеттен айыққандар саны 3174, ол жазылып шыққандар қатарының 97 пайызын құрайды.

    «Өткен тәулікте коронавирус инфекциясымен 2 жағдай тіркелді. Оның 1-еуі Қызылорда қаласынан, 1-еуі Шиелі ауданынан тіркелді. Сондай-ақ, соңғы отыз күнде 19 адамнан індет анықталса, 51 адам әртүрлі кодтағы пневмониядан емделуде. Бұған қоса, 210 инфекциялық төсек орын бар, жүктеме 8 пайызды құрауда. Жансақтау бөлімінде 2 науқас ем алуда. Бізде күннің салқындауына байланысты тымаудың белгілері жиілеуде. Сондықтан әрбір азамат аурудың белгілері білінгенде, бірден тіркелген емханаға хабарласуын сұраймыз. Соңғы күндері бірнеше адам ешкімге хабарласпай үйінде өзіндік ем қабылдап, жағдайы ауырлап, жансақтау бөліміне түсті. Пневмонияның асқынған жағдайына душар болмаудың алдын-алуға тиіспіз. Өзіне жаны ашымағандықтан үйдегілердің өміріне қауіп төндіруге бармауларымыз қажет. Адам жанының арашалары, ақ халатты абзал жандардың жұмысына қолдау көрсету өзіміз үшін маңызды», – деді облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов.

    Өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастармен қарым-қатынаста болғандарды оқшаулау мақсатында 30 карантиндік төсек орындары ашылды. Бүгінде аймақта 244 өкпені жасанды желдету аппараты іске қосылды.

    қатысты посттар

    Облыс әкімі дарынды оқушылармен кездесті

    ШЫМКЕНТТЕ АТАУЫ ЖОҚ КӨШЕЛЕРГЕ 2022 ЖЫЛҒА ДЕЙІН 100 ПАЙЫЗ АТАУЛАР БЕРІЛЕДІ

    Фариза

    Республикалық байқауда Шымкенттік мемлекеттік қызметші үздік деп анықталды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    five × 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.