-13.1 C
Алматы
Вторник, 24 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Алматыда самокат жүргізіп келе жатқан әйелді жүк көлігі қағып, мерт қылды


    Алматыда электронды самокатшыны көлік қағып, мерт қылды. Жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

    Адам өліміне алып келген жол-көлік оқиғасы 12 қарашада сағат 20:35-те Әбіш Кекілбаев пен Байқадамов көшелерінің қиылысында болды.

    «Жүк көлігінің жүргізушісі Ә. Кекілбаев көшесінің бойымен келе жатып солтүстік бағытта Байқадамов көшесінің қиылысында оңға бұрылып, велосипед жолағымен самокат жүргізіп келе жатқан 1974 жылы туған әйелді қағып кетті. Әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Ал жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен. Көп ұзамай полиция қызметкерлері оны ұстады», — деді Алматы қаласы бойынша Полиция департаментінің тергеу басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

    Дерек ҚРҚК 345 бабының 3 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Тиісті сараптамалар тағайындалды.


    қатысты посттар

    «Ол өте қауіпті» Павлодарда айнаның көмегімен дәретханадағы қыздарды сығалаған ер адам іздестірілуде (фото)

    Фариза

    Мектеп директоры өз үйінің қорасында асылып қалған

    Фариза

    Алматыда кенеттен жол опырылып, жермен бірге көлік жардан құлап кетті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    16 + sixteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.