-0.1 C
Алматы
Суббота, 9 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Алматы облысында шенеуніктер майдангер ақынның қабірі орналасқан жерді жекеменшікке берген

    Андрей Андреев есімді Facebook желісінің қолданушысы 2012-2013 жылдары Талғар қаласының шенеуніктері Ұлы Отан соғысының ардергі, майдангер ақын Алханбек Малькеевтің қабірі орналасқан жерді жекеменшікке бергенін жазып, Алматы облысының әкімдігіне үндеу жасады, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Azattyk-ruhy.kz порталына сілтеме жасап.

    «Талғар қаласына кіреберісте оң жақта колледж және оның аумағында стелла тұр. Оның маңында екі-үш дюймдік жаяу әскер зеңбірегі тұр. Сол аумақтағы қураған ағаштардың арасында ҰОС ардагері, ақын, композитор Алханбек Малькеевке орнатылған ескерткішті байқайсыз. Белгілі болғандай, Талғар ауданының әкімдігі 2012-2013 жылдары 8 соттық жерді көрнекті тұлғаның қабірімен қоса коммерциялық қызмет үшін жекеменшікке сатқан», – деп жазды ол.

    Бұл жағдайға байланысты Алматы облысы әкімінің кеңесшісі Ғалымұрат Жүкел жауап берді. Оның айтуынша, аталмыш учаске 2006 жылы Талғар ауданы әкімінің қаулысымен жекеменшікке берілген. 2012 жылы ол жер мұрагерлік куәлігімен Г. Садықова есімді азаматқа өткен. Осы жылдың (2020 ж.) тамыз-қаңтар айларында Г. Садықовамен жерді мемлекетке қайтару туралы түсіндірме жұмыс жүргізілген. Қазір тиісті құжаттар жинастырылып жатыр.

    қатысты посттар

    Қазалылық еріктілер 8 оттегі концентраторын сатып алды

    Фариза

    Мемлекет басшысы үкіметке бір ай уақыт берді

    Фариза

    Гүлшара Әбдіқалықова Қызылордада 600 орындық жаңа мектептің кірпішін қалады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eight + eleven =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.