-6.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар Жаңалықтар

    Атшабарды көшіру – заман талабы

    Ескіден жаңаға көшетін кез келді. Жаңару — жаңа заман талабы. Меңзеп тұрғанымыз – Шымкенттің атшабары. Ел арасында бұл жайында нанымды-нанымсыз талай әңгіме өріп жүр. Кім не десе де, «аттың жайын жеккен біледі». Спорт саңлақтарының «миллионды шаһарға заманауи ипподром» қажет деп, жарғақ құлағы жастыққа тимей жүргелі қашан? Ескіні жамап, есі кеткен ипподром басшыларының да ойы осыған түйіседі.

    Бұл атшабар Асанбай Асқаровтың бастамасымен осыдан 40 жыл бұрын еңсе тіктеген-ді. Көне көздердің айтуынша ипподром өз дәуіріндегі жаңа құрылыстың алды болған. Заман өзгерді. Заманмен бірге талғам да жоғарылады. Аттың жайын атшабарға талай жыл басшылық жасаған Ғани Ахметбаевтан артық кім білген? Ұлтттық ат спортының жанашыры бұл жаңашылдықты қос қолдап қолдайды.

    «Елу жылда ел жаңа»,- дейді ғой. Бұл атшабардың салынғанына да міне, 40 жыл болыпты. Бұл нысан 8 метр ойпатта тұр екен. Бұрын білмеуші едік.  Жарыс кезінде 3 атымыз ауа жетпей, тынысы тарылып, өлген жағдайлар болды. Кейін зерттей келе білдік. Аттар еркін жэануар ғой, шіркін. Олардың жүріп-тұруына ыңғайлы болмаса, қанша баптап, оларды баққаның көк тиынға да құны жоқ. Енді ел арасындағы түрлі пікірлер болып жатыр ғой. Олар ипподромның мұндай халінен бейхабар болуы да мүмкін. Жаңаратын кез келді. Енді осыны көпке созбай жергілікті биліктің өзі ықпал етіп, жаңасын салып берсе, деген тілегіміз бар», дейді ипподром басшысы, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Ғани Ахметбаев.

    Атшабардың қазіргі ахуалы тым мүшкіл. Мұнда ат түгіл адамның өзі емін-еркін тыныстауы мұң. Көрермен тұрмақ тұлпарлардың еркін көсіліп шабуына тарлық етеді. Орындықтары сынып бүлінген. Қысқасы ескіріп, тозығы жеткен. «Нысан ойпатта орналасқандықтан, оттегінің алмасуы қиын» дейді білетіндер. Ал, ат құлағында ойнайтын спортшылардың айтуынша, бір кездері бәйгеге қосқан тұлпарлар талай мәрте опат болыпты. 

    Байырғы шабандоздардың айтуынша 40 жыл бұрын салынған нысан сол уақытта тұрғын үйлерден алшақ орналасқан болатын. Қазір қала аумағы ұлғайып мұнда түрлі мәдени орындар бой көтерді. Талапқа сәйкес атшабардың ұзындығы 2 400, ені 16 метрді құрауы қажет. Ал, қазіргі нысан 800 метрге қысқа екен. Оған қоса көлік қозғалысы мен қаланың ығы-жығы тірлігі  жаңадан үйретілетін аттарға көп кедергісін келтіретін көрінеді.

    Ал, белгілі қоғам  қайраткері Шалатай Мырзахметов те бұл жобаны мақұл көреді. Оның айтуынша, құрылысты отандық компания қаржыландыры, оны сый ретінде тарту етпек. «Бір шетінен бұл халықтың тұрғын-үйге деген қажеттілігін өтейді. Ал, бюджет қаржысы үнемделіп, салынатын үйлерге кететін ақшаға жергілікті мәслихатпен келісіп, басқа да инфравқұрылымдық жүйені бүтіндеуге жұмасалатын еді», дейді, экс мәжілісмен.

    Ипподромды  қала сыртына көшіру туралы бұған дейін де айтылып келді. Заманауи нысан үшін қажетті жер телімі де бөлінді. Аумағы 39 гектар жер Бозарықта орналасқан. Қазір нысанның жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Ең бастысы атшабарды Отандық инвестор қаржыландырады. Біз «BI Group» компа­ния­сының Шымкенттегі өкілімен де сұхбаттастық. Айдын Жәкежановтың сөзінше, егер бұл жоба жүзеге асса, қаланың ажарын ашатын тұрғын-үй кешені еңсе тіктейді. Және де жұрт арасында ол қымбат үйлерге тек байлар ғана тұрады. Қарапайым халыққа қолжетімсіз бағада сатылады деген кереғар пікірлер де жоқ емес. Жоқ бұл мүлдем олай емес.

    Ал,жаңа нысан тек бір ғана ат шабатын алаңмен тоқтап қалмайды. Онда жаттығатын орындар, ветеринарлық қызмет көрсететін комплекс, қоймалар секілді күнделікті қажетті көптеген қосымша құрылыстар бой көтермекші.Ал, ескінің орны әлбетте, жаңа тұрғын-үй кешендерімен толығады. Бұл жоба өз кезегінде халықтың баспанаға деген сұранысын қамтыса, екінші жағынан осы арқылы көптеген жұмыс орындары ашылады.

    Бұған дейін тұрғындар мен сайысқа қатысушылар шаң жұтып, ашық аспан астында отыратын. Енді ол жабық кешен болады. Алып жоба арқылы «Тұлпар» көлінің маңын абаттандыру жұмысы да осы компанияның есебінен жүргізілетіндігі көңілге қуаныш ұялатады. Ел пайымы осыған сайып тұр. Енді оның жүзеге асырылуы уақытты еншісінде.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    «Адам жасап сататын фабрикадан» 19 әйел құтқарылды

    ШЫМКЕНТ: ҚАЛА ӘКІМДІГІНДЕ 7 АЙДА 8 МЫҢНАН АСТАМ ӨТІНІШ ҚАРАЛДЫ

    Фариза

    Б.Сапарбаев Қазақстандағы Литва елшісімен кездесті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    2 + 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.