-6.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Қызылордада тойханалар басқа кәсіпкерлік нысандарына беріліп жатыр

    Бүгінгі күні Қызылорда облысында жалпы саны 128 тойхана бар. Өздеріңізге белгілі, пандемия жағдайына байланысты төтенше жағдай мен карантиндік шараларға сәйкес бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысымен КВИ-ның алдын алу және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кейбір кәсіпкерлік қызмет түрлеріне, оның ішінде тойханалардың қызметіне тыйым салынды.

    Қызметіне тиым салынған кәсіпкерлік нысандарын қайта жандандыру және басқа салаларға бағыттау мақсатында облыс әкімдігімен «Қызылорда облысының 2023 жылға дейінгі экономикалық даму жоспары» әзірленді.

    Жоспар аясында 10-нан аса тойхана қызметтерін өзге салаларға бағыттады.

    Мәселен, Арал ауданында орналасқан «Ақниет» тойханасы киім-кешек сататын сауда нысанына, Қармақшы ауданына орналасқан «Алтын Ғасыр» тойханасы отбасыға арналған киімдер сататын сауда орталығына және «Мәлике Ана» тойханасы балалар ойын алаңы мен кондитерлік өнімдер өндіретін цехына ауыстырылса, Қызылорда қаласында орналасқан «Ұлытау» тойханасы шырындар мен сусындар және «Orda» тойханасы автоматтандырылған лаваш шығару өндірістерін іске қосу бойынша жұмыстар жүргізуде.

    Сонымен бірге, бірқатар тойханалар өз бағыттарын құс шаруашылығына, құрылыс материалдары дүкеніне,медицина орталығына қайта бағыттауда.

    Бұл бағыттағы жұмыстар әрі қарай жалғасатын болады.

    Осы саладағы кәсіпкерлерге тойхана қызметін қайта бағыттау бойынша қызығушылық танытылған жағдайда облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының 8(7242)40-10-57 байланыс нөмеріне хабарласуға болады.

    қатысты посттар

    Шымкентте жедел жәрдем көрсету станциясының «CALL» орталығы жаңғыртылды

    Фариза

    ШЫМКЕНТ: Қонаев көшесін ұзарту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

    Фариза

    ШЫМКЕНТ: Жалпықалалық сенбілікке 30 мыңнан астам адам қатысты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    14 + sixteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.