-6.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қорғаныс министрлігінде АӨІҚСШК аясында ынтымақтастық басымдығы талқыланды

    Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Азиядағы өзараіс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес Секретариатының атқарушы директоры Қайрат Сарыбаймен кездесті.

    Кездесуде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі өткізген әскери-саясат өлшемінің ауқымындағы іс-шаралар талқыланды.

    2020-2022 жылдарға арналған АӨІҚСШК Қазақстан төрағалығындағы тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының жобасы қаралды.

    Шарт аясындағы мүше елдер сенім шараларын орындауды белсендіру қажеттілігін ұйымдастыруға ұсыныстар енгізді.  Атап айтқанда, олар қарулы күштер компоненттері, қорғаныс бюджеттері, қатысушы мемлекеттер аумағында шетел әскери контигенттерінің болуы, шетел армиясының қатысуы мен оқу-жаттығуды қоса алғанда жоспарлаған әскери қызметтер туралы жыл сайынғы ақпарат алмасуға қатысты.Сонымен қатар мемлекеттердің ішкі саяси және қорғаныс ведомствалары өкілдерінен тұрақты жұмыс тобын құру ұсынылды.

    Азиядағы өзараіс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен құрылғанын айта кеткен жөн. Өзінің қызмет атқарған уақытынан бері бұл ұйым тиімді диалог алаңына айналды. Оған 27 ел мүше болып, 8 ел бақылаушы атанды. 2020 жылдың қыркүйегінен бастап Азиядағы өзараіс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес Қазақстан Республикасына көшті.

    қатысты посттар

    Қызылордалықтар 15 қарашаға дейін емхананы өздері таңдап, тіркеле алады

    Фариза

    Сексеуіл кентінде 300 орындық мектеп салынады

    Фариза

    Қызылорда облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    14 + one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.