-13.1 C
Алматы
Вторник, 24 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Денсаулық

    Алматыдағы карантин: Бекшин қаулыға қол қойды

    Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин 9 қарашада жаңа қаулыға қол қойды. Қаулы тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің сайтында жарияланды, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    26 қазандағы №64 қаулыға өзгерістер енгізілді.

    Жаңа қаулы бойынша, биылғы оқу жылының екінші тоқсанынан бастап 300 адамға дейінгі, сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейінгі қалалық мектептерге дәстүрлі форматта оқуға көшуге рұқсат етіледі, 1-ден 5-сыныпқа дейінгі кезекші сыныптарға оқуға рұқсат етіледі.

    Коронавирусқа ПТР-анықтамасыз халықтың тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы объектілер мен ұйымдардың (қонақүйлер); ПТР-анықтамасы болған кезде халықтың үш күннен аса тұруы бойынша туризм объектілерінің (демалыс үйлері, санаторийлер, курорттар, турбазалар) қызметіне рұқсат етіледі.

    19-30 қараша аралығында «Медеу» мұз айдынының тестілік режимдегі қызметіне рұқсат етіледі. 16-30 қараша аралығында «Шымбұлақ» қызметіне де тестілік режимде рұқсат етілді».

    10 қарашадан бастап залда 50 пайыздан аспайтын, бірақ 100 адамнан аспайтын театрлардың қызметіне рұқсат етілді.

    10 қарашадан бастап жұма намазын қоспағанда, діни объектілерде ұжымдық құлшылық етуге, мешіттерде намаз оқуға рұқсат етіледі. 30 пайызға дейін толтырылады, бірақ залда 100 адамнан артық отыруға болмайды.

    Сонымен, қаулыда ойын-сауық орталықтары мен және сауда үйлерінің қызметі сағат 22.00-ге дейін рұқсат етіледі деп айтылған. Сондай-ақ, азық-түліктік емес және жабық азық-түлік базарларының қызметі сағат 17.00-ге дейін рұқсат етілетіні айтылады.

    қатысты посттар

    Ораза кезінде болатын 10 қателік…

    Жамбылда өкпесі 76 пайыз қабынған зейнеткер сауығып шықты    

    Фариза

    Абай болыңыздар! Шетелден әкелінетін кептірілген құрмалардың қауіпті екені анықталды

    Пікір қалдыру

    eighteen + nine =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.