28.1 C
Алматы
Воскресенье, 24 августа 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Қызылордада 2 оттегі станциясы салынады

    Қызылорда облысында өкпені жасанды желдету (ИВЛ) аппараты жыл басында 76 болса, қазіргі таңда 244-ге жетті. Одан бөлек, Дүниежүзілік банк арқылы 47 дана ИВЛ аппараты келеді. Жергілікті бюджеттен 4 флюро және 6 дана стационарлы рентген аппаратын сатып алынбақ.

    Қазір коронавирустық инфекциясының болжамды екінші толқынына дайындық жұмыстары жүргізілуде. Өңірде 3500 медицина қызметкерлерінің резерві құрылды. Сондай-ақ, материалдық базаны нығайту үшін лизинг арқылы республикалық бюджеттен 40 дана автокөлік алу жоспарлануда.

    Оттегі баллондарының жеткіліксіздігін жою мақсатында «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ демеушілігімен Қазалы ауданында 1 оттегі станциясы салынады. Ол Арал және Қармақшы аудандары мен Байқоңыр қаласын оттегімен қамтамасыз етеді. Ал екінші оттегі станциясы Көпбейінді облыстық аурухананың базасында салынады. Оған «ҚазГермұнай» компаниясы демеушілік жасауда. Бұл станция қала аумағындағы ауруханалардан бөлек, Сырдария, Жалағаш аудандарын қамтамасыз ететін болады.

    қатысты посттар

    Шымкентте дезинфекция жұмыстары тиянақты түрде жүріп жатыр

    Фариза

    Жамбылда ауыл тұрғыны бұлақ суына 35 мың шабақ жіберіп, форель өсіруде

    Фариза

    Шымкент: Инклюзивті спорт секцияларының ресми түрде ашылуы өтті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    ten − 10 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.