Пятница, 27 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Қызылорда: 109 бірыңғай байланыс орталығына 64341 өтініш түскен

    Қызылорда өңірінде өткен жылдан бастап 109 бірыңғай байланыс орталығы құрылған. Аймақ тұрғындары үшін коммуналдық сервистердің сапасын арттыру, кері байланыс сапасын жақсартуды көздейтін орталықта «Көмек-109» ақпараттық жүйесі, операторларға арналған колл-орталық бар. Мұнда тәулік бойы 24/7 режимінде 28 диспетчер-операторлар қоңыраулар қабылдайды. Өтініштің орындалу процесін жіберуші диспетчерлер өтініш жабылғанға дейін бақылайды.

    Тарқатып айтқанда, бүгінде «Көмек-109» жүйесіне «Қызылорда автобус паркі» ЖШС, «Акнур Авто» ЖШС, «Кызылорда Тазалығы» ЖШС, «ҚазТрансГазАймақ», «Қызылорда су жүйесі», Жылу электроорталығы, Энергосервис, Ветеринариялық орталығы секілді барлық коммуналдық қызметтер қосылған.

    Цифрлық технологиялар басқармасының мәліметінше, биыл жыл басынан бері бірыңғай байланыс операторына 64341 өтініш келіп түскен. Оның 3162 «Қызылорда Тазалығы» ЖШС-не, 17732-ы «Энергосервис» ЖШС-не, 10991-і «Қызылорда су жүйесіне», 14713-ы «Ақнұр Авто» ЖШС, 2084-і ПИК мәселелері бойынша, 13444-ы әртүрлі мәселелерге бағытталса, 2215-і кеңес беру және басқа бағыттарына арналды.

    Айта кетейік, бірыңғай байланыс орталығы енгізілгелі коммуналдық мәселелер бойынша тұрғындардың өтінімдерін орындауын бақылау процесі жақсарған.

    қатысты посттар

    Жамбылда жиын-терім науқаны ойдағыдай өтуде

    Фариза

    Мәжіліс депутаттары мегаполиске арнайы жұмыс сапарымен келді

    Фариза

    Шымкентте 2 мыңға жуық адам «жастар практикасы» бағдарламасымен жұмысқа тартылған

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twenty − fifteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.