25.3 C
Алматы
Вторник, 29 июля 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Қызылордада «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 62 жоба іске асырылуда

    «Ауыл – Ел бесігі» жобасы «Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» бір бағыты ретінде біріктірілді. Аталған жобаға Қызылорда облысының 103 елді мекені арнайы әдістеме негізінде іріктеліп, енгізілді. Нәтижесінде 62 инвестициялық жобаны іске асыруға бюджеттен 5,1 млрд. теңге бөлінді.

    Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жоба аясында 4 мектеп жөнделіп, 2 ауылға су желісі тартылды, үш ауылдың көшелері жарықтандырылды. 42 жоба ауыл көшелерін асфальттауға бағытталса, Жаңақорған ауданы Шалкия кентінде 150 орындық клуб, Арал ауданы Жақсықылыш кентінде мектепке 100 орындық қосымша ғимарат, Жалағашта 200 орындық оқушылар және 50 орындық өнер мектебі салынуда.

    Жоба аясында 298 жұмыс орны ашылды, оның 109-ы тұрақты. Бүгінде 62 жобаның 35-і аяқталып, пайдалануға берілді.

    қатысты посттар

    Шалғайдағы Қызтоған ауылында үш отбасына үй берілді

    Шымкент: Төрт білім ұйымына ашық конкурс арқылы мектеп директорлары тағайындалды

    Фариза

    АБАЙ АУДАНЫНДА 5 САУДА НЫСАНЫ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    4 × 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.