-14.1 C
Алматы
Четверг, 26 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Қызылорда облысы тұрғындарына қажетті көмірдің 86 пайызы жеткізілді

    Қызылордада аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Руслан Нұрмағанбетовты қабылдап, 2020–2021 жылдардағы жылу беру маусымының өту барысын талқылады.

    Биыл Қызылорда облысында жылу беру маусымы 10 қазаннан басталды. Қазіргі таңда өңірдегі 1185 әлеуметтік нысанның барлығы жылумен қамтамасыз етілген.

    Сонымен қатар, бүгінгі күнге орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған Қызылорда қаласында 717 және Қазалы ауданының Әйтеке би кентіндегі 67 көпқабатты тұрғын үйге жылу берілген. Басқарма басшы тұрғындарға қажет көмір мәселесінің де шешіліп жатқанын жеткізді.

    «Қазіргі уақытта облыс тұрғындарына қажет 163,6 мың тонна көмірдің 86 пайызы жеткізілген. Қалған қатты отынды кәсіпкерлер тасымалдауда. Алдағы уақытта өңірде көмір тапшылығы болмайды деп жоспарлап отырмыз. Ал, әлеуметтік сала нысандарына қажетті 39,5 мың тонна қатты және 26 мың тонна сұйық отыны толығымен жасақталған», – деді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Руслан Нұрмағанбетов.

    Мәжілісте аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова пандемия уақытында тұрғындарды түгел жылумен қамтамасыз етіп, оларды суық тиюден сақтау қажет екендігін қадап айтты.

    «Қазіргі таңда әлемде болып жатқан эпидемиологиялық ахуалды бәріңіз жақсы білесіздер. Сондықтан халықты тоңдырмай, жылу маусымын сапалы жүргізуіміз қажет. Бүгінгі біздің мақсатымыз — тұрғындардың денсаулығын сақтау. Сондықтан облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы қала, аудан әкімдерімен бірлесіп, бұл мәселені ұдайы назарда ұстаңыздар. Көмір отыны мәселесін де толық шешіп, халыққа қолжетімді болуын қамтамасыз етіңіздер», – деді облыс әкімі Г.Әбдіқалықова.

    Сондай-ақ аймақ басшысы жылуға қарызы бар тұрғындар мен кәсіпкерлік нысандардың иелері туралы сараптама жасауды тапсырды.

    қатысты посттар

    Жамбылда құс шаруашылығы қарқынды дамып келеді

    Фариза

    Шымкент: Қаратау ауданында 40-қа жуық көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті жаңаруда

    Фариза

    Жамбыл облысының әлеуметтік мониторинг нәтижелерін Талдау

    Пікір қалдыру

    1 × four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.