Вторник, 9 декабря 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Қызылорда облысында қашықтан оқуға қажет 9 мыңға жуық компьютер алынды

    Қашықтан оқыту кезінде Сыр еліне Үкімет резерві есебінен бөлінген қаржыға компьютерлер техникалар алынуда. Қыркүйек-қазан айында облысқа 13489 дана компьютерлік техникалар жеткізіліп, оқушыларға таратылған. Ал, бүгін 9381 электронды құрылғылар жеткізіліп, мектеп оқушыларына табысталады.

    Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымованың айтуынша, техникалар ең алдымен әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балалары, ерекше жағдайда үйден білім алатын және көпбалалы отбасының балаларына беріледі.

    Айта кету керек, ертең мектеп оқушылары І оқу тоқсанын аяқтайды. Қашықтан оқыту кезінде ІІ тоқсан 16 қарашада басталады. Яғни оқушылар үшін 10 күн демалыс беріледі. ІІ оқу тоқсанында 1-5 сыныптарда 2720 кезекші топ ашылып, онда 39357 бала оқиды деп күтіліп отыр.

    Ал, бала саны 300-ден аспайтын 121 мектепте 19267 бала оқытылмақ. Оқушылардың басым бөлігі қашықтан оқыту форматында білім алады.

    қатысты посттар

    Шымкентте «Бизнес бастау» жобасы бойынша биыл 4 мың азамат кәсіптік білім алады

    Фариза

    Шымкентте тағы 11 науқас коронавирустан емделіп шықты

    Фариза

    Қызылордада карантинге қарамастан той өткізудің 370 дерегі анықталды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    19 − ten =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.