Қызылорда облысының Қазалы аудандық пробация қызметі пробация есебінде тұрған сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмекті белсенді көрсетіп келеді. Соның бірден бір дәлелі есепте тұрған азаматқа көрсетілген құқықтық көмек. Ол 2020 жылдың тамыз- қыркүйек аралығында «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негізінде оқу курсын аяқтаған болатын.
Курсты аяқтаған соң бизнес жоспарын құрып, комиссияға ұсынды. Комиссияның оң шемімін алған соң, оған мемлекет тарапынан қайтарымсыз грант негізінде 555 666 теңге көлемінде сертифакат табысталды. Осы қаржыға ол шағын кәсіп ашпақшы, нақтырақ айтқанда, мал шаруашылығымен айналысуға ниет етуде. Бұл мәселенің шешілуін қадағалауды, пробация қызметкерлері басты назарға алды.
Аудандық пробация қызметі бастығының айтуынша, бірінші кезекте, жұмыссыз сотталғандар жұмыспен қамтылады. Егер олардың білімі болмаса, еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар бойынша курс оқиды. Жыл басынан пробация есебіндегі 4 сотталған «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негізінде оқу курсын аяқтап, бірі мал бордақылау цехын ашса, екіншісі шаштараз, сметалық жоба дайындау бойынша жеке кәсібін дөңгелетіп отыр.
«Мен сияқты жұмысын енді бастаған адамдарға қайтарымсыз гранттар көп көмеген тигізеді. Бізді қоғамнан сотталған деп бөлмей, мемлекет тарапынан қолдау көрсетіп, көмектер беріліп жатыр. Өз кәсібімді ашуыма әлеуметтік- құқықтық көмек көрсетіп, іс-құжаттарымды тиісті органға жолдап, жөн көрсеткен аудандық пробация қызметкерлеріне алғыс айтамын», – деді пробация есебіндегі азамат.