-0.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    БҚО-да 15 жасар қыз күйеуге «қашып кеткен»

    Батыс Қазақстан облысында 15 жастағы қыз тұрмысқа шықты, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    Неке мешіт қызметкерлері, имамдар және кәмелетке толмаған баланың заңды өкілдерінің қатысуынсыз жасалған.

    16 қыркүйекте Бөрлі ауданының полиция бөліміне кәмелетке толмаған баланың жоғалғаны туралы арыз келіп түсті. Полиция қызды Орал қаласынан тапты. Кейінірек оның сыртқы белгілері бойынша дәстүрлі емес діни ағымды ұстанатын азаматпен шариғат заңы бойынша заңсыз некеге отырғаны белгілі болды. Неке дегенді сылтау етіп, ер адам 2005 жылы туылған кәмелетке толмаған жасөспіріммен қасақана жыныстық қатынасқа түскен, делінген Бөрлі полиция бөлімінің хабарламасында.

    Қыз қара түсті жамығымен бүркеніп, бетін толығымен жауып алған, оған қоса отбасымен барлық байланыстарды үзуге тырысқан.

    «Ер адамға ҚР Қылмыстық кодексінің 122-бабы «Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де іс-әрекеттер» (бес жылға дейін бас бостандығын шектеу түріндегі жаза немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру) бойынша қылмыстық жауапқа тарту қарастырыладыә, деп толықтырды сөзін полициядағылар.

    қатысты посттар

    Қанат Ислам 8 баланың анасына Нұр-Сұлтан қаласында баспана сыйлады (видео)

    Фариза

    Нұр-Сұлтанда кәмелет жасқа толмаған қызға тиіскені үшін 20 жастағы студент қамауға алынды

    Фариза

    Педофилдер мен жемқорларға өлім жазасы енгізілсін! Конституцияға үздіксіз өзгеріс енгізген билік неге тоқтап қалды?

    Фариза

    Пікір қалдыру

    four × three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.