Среда, 20 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Г.Әбдіқалықова: Көлік қозғалысы кезінде жолаушылар қауіпсіздігі сақталуы тиіс

    Қызылордада облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Тілеумбетов және ҚР Индустирия және инфрақұрылымдық даму министрлігі көлік комитетінің Қызылорда облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы Нәжмәдин Шамұратовпен кездесіп, олардың жыл бойғы атқарған жұмыстары жөніндегі баяндамасын тыңдады.

    Алдымен баяндама жасаған М.Тілеумбетов жол инфрақұрылымын дамыту бойынша атқарылған жұмыстарды айтты.

    Жалпы Қызылорда облысы аумағында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 3 мың 398 км. Оның 1 мың 16 км республикалық, 557 км облыстық, 1825 км аудандық маңызы бар автомобиль жолдары. 2020 жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары желісін дамытуға 20 млрд 289 млн теңге бөлінген. Осы қаражатқа ұзындығы 498,2 км құрайтын автомобиль жолдары мен көшелер және көпір өткелдерін жөндеуден өткізу жоспарланған. Жалпы жол желісін дамытуға 4 мемлекеттік бағдарлама арқылы қаражат бөлініп отыр. «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша бөлінген 6 млрд. 223,3 млн.теңге қаржыға облыстық және аудандық маңызы бар ұзындығы 147 км автомобиль жолдарына жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 1 млрд. 189,0 млн.теңгеге қаладағы С. Бейбарыс көшесінен Қызылжарма каналына дейінгі көше құрылысы жүргізілмек. «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы бойынша – 1 957,6 млн. теңге қаржы қарастырылып, бүгінде ол қаржының 48% игерілген. «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасымен 8 626,1 млн. теңге бөлініп, жоспарланған жұмыстың 81% жүзеге асқан.

    Мұнан бөлек жергілікті бюджеттен автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету, елді мекендер көшелері мен көпір өткелдерін жөндеуден өткізуге 2 млрд. 293,3млн. теңге бөлініп, ұзындығы 20,7 км көшелер мен автомобиль жолдары жөндеуден өткен.

    «Есепті кезеңнің 10 айының қорытындысымен жалпы бөлінген қаржының — 17 млрд. 931,2 млн. теңгесі немесе 95% игерілді. Нәтижесінде, облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың жақсы және қанағаттанарлық көрсеткішінің үлесі жоспарлы 69% құрады. Сонымен қатар ағымдағы жылы 21 нысанды пайдалануға беру жоспарлап отырмыз. Есепті кезеңде 15 нысан пайдалануға берілді. Қалған 6 қараша, желтоқсан айларында аяқталатын болады», – деді басқарма басшысы М.Тілеумбетов.

    Сондай-ақ басқарма басшысы «Қорқыт ата» әуежайының жаңа жолаушылар терминалының тиімді нұсқасы қазіргі терминал көлемін кеңейту жолдары қарастырылып жатқанын да жеткізді. Аталған мәселенің аймақ үшін маңыздылығы ескеріліп, ағымдағы жылы жобаның жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу үшін бюджеттік өтінім ұсынылып, қолдау тапқан.

    Облыс әкімі Г.Әбдіқалықова басқарма басшысына бөлінген қаржыны тиімді игеріп, жолдардың сапасына аса мән беру керектігін жеткізді.

    «Облыстағы автомобиль жолдарын жөндеуге бюджеттен қыруар қаржы бөлінді. Бұл қаржы жолдардың сапалы болуына, тұрғындардың қиындығын еңсеруге бағытталған. Сондықтан салынған, жөндеу жұмыстары жүргізілген жолдар халыққа ұзақ уақыт қызмет етуі тиіс. Басқарма басшысы тарапынан мердігерлердің жұмысы ұдайы бақылауда болсын», – деді облыс әкімі Г.Әбдіқалықова.

    Мұнан соң баяндама жасаған ҚР Индустирия және инфрақұрылымдық даму министрлігі көлік комитетінің Қызылорда облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы Нәжмәдин Шамұратов автомобиль, темір жол, су көліктеріне қатысты жүргізілген бақылау жұмыстарының нәтижесі жайлы баяндады. Айтуынша, автомобиль көлігі саласында 1 мың 480 құқық бұзушылықтар анықталып, 50 млн.теңге айыппұл салынып, 35 млн.теңге республикалық бюджетке өндірілген. Инспекция басшысы жауапкершілікке тартылғандардың дені ауыр салмақты және ірі көлемді жүктерді тасымалдау кезінде арнайы рұқсатсыз жүкті тасымалдау, автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидасының талаптарын орындамағауға қатысты дейді. Сонымен қатар, пандемия кезінде жолаушылар тасымалына тиым салынғанына қарамастан жұмысын жалғастырған 23 тасымалдаушы жауапкершілікке тартылған.

    Теміржол көлiгiмен жолаушыларды тасымалдау қызметі кезінде де заңбұзушылықтар орын алған. Тексеру барысында 5 билетсіз жолаушы, 30 кг артық қол жүгі және 14 басқа да түрлі бұзушылық анықталыптыы. Нәтижесінде 12 жауапты тұлғаға шара көрілген.

    Су айдындарында өткен 2019 жылы көлік оқиғалары орын алмаған. Бірақ биыл 4 көлік оқиғасы салдарынан 5 адам суға кеткен. Қайғылы жағдай балықшылардың су көлігін қауіпсіздікті сақтамай басқаруынан болған.

    Жиын соңында облыс әкімі Г.Әбдіқалықова испекция басшысына тасымал кезінде барлық қатаң шараларды қолға алыр, жолаушылар қауіпсіздігі барынша сақталу керектігін ескертті. Көлік қозғалысы кезінде орын алатын оқиғалардың қатарын азайтуға барынша күш салып, апатты жағдайлардың алдын алу керектігін жеткізді.

    қатысты посттар

    Жамбыл облысындағы бір бақта 13 түрлі алма өсіріледі

    Фариза

    Жамбылдық шаруалар картоптың 90 пайызын жинап үлгерген

    Фариза

    Шымкент: Қоғамдық көліктерге «төлем» электрондық жүйесі енгізіледі

    Фариза

    Пікір қалдыру

    three × 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.