-6.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    «Жайық өзені ластанудың ақырғы шегіне жетті». Депутат дабыл қақты

    Соңғы жылдары республикамыздың батыс өңірінде ылғалдылық тапшылығы байқалуда. Көптеген жерлерде өзендердегі су деңгейі төмендеп, құрғап барады. Бұл туралы Сенатта өткен Үкімет сағатында депутат Мұхтар Жұмағазиев айтты, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Azattyk-ruhy.kz порталына сілтеме жасап.

    Сенатор депутаттық сауалында еліміздегі өзендердің экологиялық жағдайы көңіл көншітпейтінін мәлімдеді.

    «Ақтөбе облысындағы Ойыл өзені жойылу қаупінде тұр. Сондай-ақ Қобда, Елек, Жем сынды шағын өзендердің таяздануы байқалуда. Трансшекаралық Жайық өзенінің таяздануын экологтар «экоголиялық апатқа» теңеп отыр. Жайық өзені 2019 жылы ластанудың ең соңғы бесінші деңгейіне жетті. 2019 жылы Ресей мен Қазақстан үкіметтері арасында «Жайық өзенін құтқару» бойынша халықаралық комиссия құру жөнінде шешім қабылданды. Ендеше неге біз уәкілетті органдардың жұмыс нәтижесін көрмей отырмыз. Осы уақытқа дейін бірлескен бағдарлама аясында нендей жұмыс іске асырылды?», — деді депутат.

    Депутаттың сауалына жауап берген Экология министрі Мағзұм Мырзағалиев қазір Жайық өзенінің суы ластанып қана қоймай, ағысының да бәсеңдегенін мәлімдеді.

    «Көпжылдық талдауымыз бойынша, Жайық өзенінің ағыны жылына 9-10 текше шақырымды құрайды. Дегенмен, Қазақстан мен Ресей арасындағы келісімге сәйкес біздің елге келетін судың ағыны орташа есеппен, жылына 7 текше шақырымды құрауы тиіс. Соңғы жылдары, нақтырақ айтқанда, 2019 жылы бізге 4 жарым млрд текше метр су келді. Биыл одан да аз. Жыл әлі аяқталған жоқ. Бірақ біздің талдауымыз бойынша су ағыны биыл жылына 4 текше шақырымды құрайды. Біз бұл мәселені ең жоғарғы деңгейде көтердік. Бір апта бұрын Новосібір қаласында екіжақты келіссөздер жүргізілді. Келісім аясында алдағы 3-4 жылдың ішінде осы Жайық өзенінің ағысын зерттейтін боламыз. Ластанудың қай жерден басталатынын анықтаймыз» — деді министр.

    Сонымен қатар, осы мәселеге қатысты Мұхтар Құл-Мұхаммед бұған дейін де екі ел арасында бірнеше жыл бұрын жасалған келіссөздердің бар екенін еске салды.

    «Кезінде Сенат төрағасы РФ премьер-министрі Дмитрий Медведевпен тікелей келіссөз жүргізген. Сонда Медведев Ресейдегі жауапты мамандарға және сол жақтағы өңір басшыларына Жайық өзенінің бойындағы гидротехникалық құрылғыларды жөндеу, оның астын тазалау мәселесі жөнінде тапсырма берген. Ол хаттама бар. Соны көтеріп, келіссөз кезінде қолдануға болады деп ойлаймын» — деді Сенаттағы Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед.

    қатысты посттар

    Гүлшара Әбдіқалықова Любовь Колесникті Халықаралық қарттар күнімен құттықтады

    Фариза

    ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНДЫҚ АУРУХАНАҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

    Фариза

    Моңғол жазушысы Қабдеш Жұмаділовке ортаңғы саусағын шошайтты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    five × 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.